Жаз
Енді бір айдан кейін жаз мезгілі келеді. Маған жаз мезгілі өте қатты ұнайды. Себебі, далада көп ойнаймыз, ауладан гүлдер тереміз, бақшаға қарауға анамызға көмектесеміз, жан-жаққа қыдырамыз. Анам бізге, «Биыл шынында алыс ешқайда бара алмаймыз, себебі әлемде ауыру тарап, біздің елде соның зардабына ұшырап жатыр. Ауру ушығып тұрғанда сапырылысып қыдыруға болмайды» дейді. Сонда да тауға шығып орманды аралауға, өзен-көлдерге барып тамашалап сейілдеуге болады. Біз гүлдер тереміз, таза ауада демаламыз. Мен тауға шығып сурет салғанды ұнатамын.Таудың табиғаты өте күшті, қиялыңды асқақтатып шабьыттыңды тасқындатады. Таза ауаны жұтып, суға түскен тіпті керемет. Әне сол үшін маған жаз мезгілі қатты ұнайды.
Сәкен Дария, Алматы облысы,
Сарқан ауданы,
Сарқан қаласы №1 мектеп гимназиясының
1 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Жайлаубаева
Майра Камбұлқызы