Жасанды интеллект заман талабы
Білім – бұл барлық дамуға тірек болуы тиіс іргетас. Ал оқулық білімнің іргесін қалайтын базис. Технологиялық революцияның қарыштап дамыған уақытында бізге артта қалып қоюға болмайды. Себебі еліміздің білім беру жүйесі болашақ заманның талаптарына жауап бере алуы керек. Сондықтан білімнің іргесін қалайтын базисті аманат тұтып, көш соңына ілесе беруіміз қажет.
Бәріміз білеміз, қазір инновациялық интеллектуалдық технологиялар өз қанатын кеңге жаюда. Солардың бірі — жасанды интеллект дәуірі. Бізге жаңа мүмкіндіктер сыйлаған негізгі трендтері мен ерекшеліктерін ескеретін болсақ, оның потенциалы жоғары екені сөзсіз.
Жүз жыл бұрын әйгілі британдық шахматшы Уильям Артур Уорд былай деген: «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады. Ал жасанды интеллект дәуірінде мұғалім тұлға болып қала береді. Десек те, бұл дәуірде қарапайым және жақсы мұғалімдер үшін орын шектеулі. Тек керемет және ұлы ұстаздарға мүмкіндік орасан зор. Себебі жасанды интеллект пен осы сипаттағы мұғалімдердің ынтымақтастық перспективалары маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл салада жаһандық бәсеке өте жоғары. Қазақстан осы үрдістен тыс қалмауы керек. Бұл – заман талабы. Сондықтан біз қазір озық технологияны дамытуға айрықша назар аударып отырмыз. Қазіргі міндет – еліміздегі ІТ-мамандардың, сарапшылардың, ғалымдардың басын қосып, олардың күш-жігерін тиімді пайдалану» деген болатын.
Жасанды интеллектінің ең маңызды мүмкіндігі – ол үлкен деректерді өңдеп, олардан тұжырымдар шығара алады. Бұл әсіресе білім беру салаларында жаңа деңгейдегі шешімдер мен болжаулар жасауға мүмкіндік береді. Тіпті бұл өз кезегінде, еңбек нарығында өзгерістер мен жаңа мамандықтардың пайда болуына әкеледі деген болжамдар да жоқ емес.
Жасанды интеллект тілінің мүмкіндіктері дамыған сайын, ол ақпаратты қорытындылау, ұсыныстар жасау және идеяларды талқылау арқылы адамның жазбаша жұмысын оңтайландырады. Жасанды интеллект табиғи тілді генерациялау технологиясын қарапайым есептер, жаңалықтар, мақалалар және басқа мазмұнды шығару үшін пайдалануға болады.
ЖИ — мен жұмыс істейтін құралдар кескіндерді жасау, макеттерді жобалау және түс схемаларын оңтайландыру сияқты тапсырмаларға көмектесу арқылы қолмен жобалау жұмысын азайтады. Кейбіреулер өнер үшін жасанды интеллект пайдалану дұрыс емес деп санаса да, өзінің стилі мен қолөнерін дамыту үшін жасанды интеллектіні қолданатындар қазірдің өзінде аз емес.
ЖИ-мен жұмыс істейтін өңдеу құралдары ең жақсы кадрларды автоматты түрде таңдау және жинау, ауысуларды қосу және дыбыс деңгейлерін реттеу арқылы өңдеу тәжірибесі жоқ адамдарға көмектесе алады.
Жоғарыда аталған дағдылар жасанды интеллект автоматтандыруы арқасында жеңілдегенімен, адамзаттың қатысуын мүлде қажет етпейді дегенді білдірмейді. Керісінше, жасанды интеллект пен адам шығармашылығы тоғысып, ақпараттық кеңістікке жаңа леп әкелген жаңа дәуірдің жаршысы болып қала бермек. Шығармашылықтан сыни ойлауға дейін жұмсақ дағдылар нарықтағы ең құнды және сұранысқа ие дағдыларға айналуда жетекші орын алады деп күтілуде…
Қуаныш Гүлдана Мұратқызы,
Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы
мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.