«Жас сарбаз» ел патриоттарын тәрбиелеуде

2022 жылғы қыркүйекте Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауымен құрылған «Жас сарбаз» балалар студиясында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары айналысады.

Студиядан төрт бағыт – хореография, шешендік өнер, вокал және домбыра тарту бар. Үйірмелердегі сабақтар балалар мен жасөспірімдердің жеке қасиеттерін, таланттарын дамытады, патриоттық сезімдерін, туған ел тарихын, дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелейді.
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрінің тапсырмасымен Отар, Сарыөзек, Семей және Алматыда жаңадан ашылған балалар студияларын дамыту жұмыстары іске асырылып жатыр. Төрт бағытта сабақтармен мыңға жуық бала қамтылады.
Балалар студиясының тәрбиеленушілері жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жиынына және үкіметтік деңгейдегі концерттерге қатысады. Құрылған кезінен бастап шығармашылық студия төрт рет жеке концерт беріп, көптеген қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанды.
2024 жылдың маусым айында «Жас сарбаз» би ұжымы Қырғызстандағы «Нәресте» халықаралық фольклорлық фестивалінде тамаша өнер көрсетті, ал тамыз айында Көкшетау қаласында 20 би ұжымы арасында өткен Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды.


Балалармен жоғары санатты педагогтар мен мәдениет саласының үздіктері жұмыс істейді. Биыл балалар студиясына қабылдау 2024 жылдың 14 қыркүйегінде өтті.
Елордада шығармашылық студия Астана қаласы, Республика даңғылы, 2 мекенжайында жұмыс істейді.
Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалы, «Астана жастары» коммуналды мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен онлайн «Әскери патриоттық әндер байқауы» №10 – қатысушы: Арыстанова Жұмазия. Маңғыстау облысы, Ақшүқыр мектеп лицейі. «Мәңгілік ел» әні ең көп пікір жинаған қатысушы байқау жеңімпазы атанады.
Былтыр «Біз жастарға сенеміз» — деген тақырыппен Е.Рахмадиев атындағы академиялық филармонияда «Жас Сарбаз» балалар өнер студиясының есеп беру концерті өтті.
Концерт бағдарламасында қазақстандық компо-зиторлардың белгілі шығармалары, халық күйлері, сондай-ақ балалар студиясының жаңа бірегей репертуары орындалды. Көрермендерді халық, заманауи және әскери стильдегі би нөмірлерін тамашалады. Концерттің мақсаты- Отанға деген сүйіспеншілік, сондай-ақ жас ұрпақтың рөлін Жаңа Қазақстанның жарқын және табысты болашағының кепілі ретінде көрсету болды.
Кеңес әскерлерінің Ауған шекарасынан шыға-рылғанына 35 жыл толуына орай және «Жас Сарбаз – патриоттар ордасы»жобасы аясында №71 мектеп лицейінде Ауған соғысының ардагерлерімен ерлік сабағы өтті. Іс-шара барысында жас патриоттар ардагер ағаларымызға сұрақтарын қойып, өз өнерлерін көрсетті.Ерлік сабақтың мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, жасөспірімдердің бойын да отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.
Қазіргі уақытта «Жас сарбаз» қозғалысының филиалдары еліміздің барлық өңірлерінде ашылды. Қозғалыстың логотипі әзірленді, жас патриоттың киім үлгісін тігу, имидждік өнім шығару ұйымдастырылды, әнұранның мәтіндері, қозғалыс қатарына кіретін тәрбиеленушілердің салтанатты анттары бекітілді.
Ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы білім беру қызметінің жоғары нәтижелерін көрсету бойынша оқушылар үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында «Жас Ұлан» республикалық мектептері жанынан құрылған «Жас сарбаз» қозғалысының әскери-патриоттық клубтарында, сондай-ақ техникалық колледждер мен физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде үйірмелер құрылды.
Жас патриот бейнесін қалыптастыруда жыл сайын өткізілетін «Жас сарбаз»республикалық патриоттық әндер фестивалі ерекше орын алады. Фестивальдің іріктеу кезеңдеріне еліміздің барлық өңірлерінен оқушылар қатысады, ал Астана қаласында өткен фестивальдің финалына жеңімпаздар өнер көрсетеді. 2017 жылдан бастап жазғы демалыс кезінде әскери қызметшілердің балалары үшін әскери-патриоттық Балалар демалыс лагері ұйымдастырылды. Лагерьде алыс гарнизондардан балалар демалады. Олармен патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Дәстүрлі негізде әскери-патриоттық акциялар, конкурстар, викториналар, әскери-далалық ойындар, әскерилендірілген эстафеталар өткізіледі.
Жыл сайын оқу орындарында ерлік сабақтары өткізіледі. Отан қорғаушылар күні аясында оқушыларға ерлік сабақтары өткізіледі.

Әділет Қабиденұлы

ПІКІР ЖАЗУ