Жарбұлақ деген ауыл бар
Мен Тарбағатай күнгейіндегі, атақты Жоңғар қақпасының шыға беріс алқымындағы айдынды Алакөлдің арқа тұсында жатқан – Қабанбай деген ауылда тұрамын. Ауылымызда батырдың ұрпақтары көп қоныстанғандықтан ауылды солай атайтын болған. Ауылдың негізгі аты – Жарбұлақ. Жазира Жарбұлақ өңірінің тұла бойы тұнып тұрған тарих. Қат-қат шежіре. Енді сол көп аңыз сырдың біреуіне құлақ түріңіз.
…Дүниенің төрт түкпірін түгел шарлаған Асан қайғы Жарбұлақ өлкесіне аяқ тірегенде тотияындай толқыған Алакөлге кербез тауға, кең далаға көзі тұнып «Тоқта» деген екен. Содан бері ауылымыздың теріскейіндегі еңселі де елікті қыздарды Тоқта тауы деп атайды. Атының тізгінін тартып айналаға көз салған кемеңгер: «Жер-ақ екен шіркін, бірақ «ұрыс» иісі шығып тұр екен» — деп мұңайыпты. Иә, расында да ауылдың үстінде сан ғасырлар бойы көптеген ұрыстар болған. Жоңғар қақпасынан шыға шапқан жау алдымен найза ұшын Тоқтаның бауырындағы Лаңкөлге тіреген. Көздің жасындай мөлдіреп тұрған көлдің орны қазір қазаншұңқыр.
Тегінде мекеніміздің жай-күйін сездіретін «Жарбұлақтың жұты да Ебі, құты да Ебі» — деген мәтел бар. Жоңғар қақпасынан басталатын аты шулы Ебі желінің аузын байламақ болған Жоңғар әміршісінің жетесіз қылығын табиғат шіркін көтере алмады. Уақытша Жарбұлақ өңірін жаулап алған Жоңғар әміршісі қол астындағы бүкіл күшін жинап Ебі желінің аузын таспен толтырады. Бір күні той жасайды. Табиғат ана ханның бейбастығын көтере алмайды. Сөйтіп, қазанында қайнаған Ебі желі бұлқынып ауаға шыққанда өздері тасыған тас өздеріне оқ болып атылады, ақыры, қой тастар жиналған жоңғарды күллі дүние мүлкімен Лаңкөлге төңкере салған.
Одан бері қанша ғасыр өтсе де Тоқта тауы қасқайып қаз қалпында тұр. Айтып-айтпай не керек біз өткендегі өкінішіміз бен табиғатқа қолдан жасаған жауыздықтың сырын ашып, сыйпатына үңілгенше ендігі қолда бардан айырылып қалмайық.
Социалистік Еңбек Ері Рақымғали Төлеубековтың айтуы бойынша жазылған «Иелі жер –киелі» кітабынан жазып алған: Тоғжан ҚАЛДЫҚАН.