Жаппа тағамы

Құрамы:
Ет — 500-600 гр,
Пияз – 1 дана,
Сәбіз – 1 дана,
Тәтті бұрыш – 1 дана,
Картоп – 600-700 гр,
Тұз, бұрыш, аскөк.

Дайындау тәсілі:
Майы бар қызып тұрған қазанға етті қуырамыз. Еті піскенше, көкөністерді турап дайындаймыз. Ет піскеннен кейін сәбіз бен пиязды саламыз. Сәл қуырамыз. Тәтті бұрышты салу керек. Еттің жаймасы сияқты қамыр илейміз, иі қанғанша 15-20 минутқа жауып қоямыз. Жарты кеседен сәл көп су құямыз, су картоптың бетіне шығып кетпеу керек. Картоп шала піскен кезде, қамырларды сол күйінде алып, картоптың үстіне қояды.
Суы картоптың үстіне шықпау керек дегенім осы, картоптан шығып тұрса қамыр суға малынып, езіліп кетеді.
Қамырымен қоса тағы 15-20 минут пісіреміз. Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған – Гаухар ТҰРСЫҚОЖА

ПІКІР ЖАЗУ