ЖАҢА РЕКОРД

Ақбаян Нұрмаметқызы Райымбек ауданы Қайнар ауылындағы орта мектепте 7 — сыныпқа дейін оқыды. 2017 жылы жазда Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Олимпиядалық резервтің Облыстық мамандандырылған Мектеп-Интернат-Колледжі спорт мектебінің жеңіл атлетика бөліміне қабылдану үшін емтихан тапсырды.

 

Сол кезде үміткерлер арасынан топ жарып емтиханнан үздік нәтиже көрсетіп, спорт колледжіне түседі. Қазір осы оқу орнының 10-сыныбында білім алуда.
Кішкентай кезінен спортқа әуес, туабітті қабілетіне сай өзі армандаған оқу орнына түсіп өнерін жетілдіріп, жаттығуын жалғастыруда. Осы кезге дейін Қазақстан Респуликасының 9 дүркін чемпионы болды. Жуықта Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен жастар арасындағы Республикалық чемпионатта 12 жыл сақталған рекордты жаңартты.

Қатысқан жарыстарының бәрінде дерлік бас бәйгені алып келе жатыр. Оның алға қойған мақсаты ары қарай спорттағы шеберлігін арттырып, Азия Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын желбіреткісі келеді. Қазіргі дайындығы өте жақсы. Көңілі сергек, көздегені биік. Алдағы дүбірлі додаларда тағы да топ жарып, үздік нәтижеге жетуін тілейміз!

Ынтымақ Даутбекқызы

ПІКІР ЖАЗУ