ЖАҢА ӨРЛЕУ

Үстел теннисінен Жамбыл облысы чемпионатына қатысқан спортшыларымыз шеберліктерін көрсетті)

2024 жылдың 22-24 қараша күндер аралығына Тараз қаласында үстел теннисінен 2011 жылы туған және одан төмен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысы чемпионаты өтті. Бұл жарыс өңірдегі спорттың дамуына үлкен үлес қосып, жергілікті спортшыларға өздерінің шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Чемпионаттың мақсаты – жастардың арасында үстел теннисін танымал ету, әрі олардың бойында спортқа деген қызығушылықты арттыру. Жамбыл облысы бойынша өткен бұл жарысқа облыстың әр түрлі қалаларынан келген спортшылар қатысты.
Бұл чемпионатқа қатысушылардың арасында Жамбыл облысының жетекші үстел теннисшілері мен жаңа бастаған спортшылар да болды. Қатысушылардың шеберлігі мен жарысқа деген ынталары өте жоғары болды. Чемпионат барысында спортшылар тек қана біліктілік пен шеберлік көрсетпей, сонымен бірге үлкен достық атмосферасы да байқалды.
Жарыс нәтижесінде, Жамбыл облысы чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар алдағы уақытта республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтсақ, жекелей ойында: Ж.Дүкенбай, С.Харки, С.Бейсеналы, Е.Ардаққызы, К.Маханғали, А.Құтбай. Жұптық ойын ұлдар арасында. Н.Баймаханбет, Б. Бейсен. Споршыларымыздың осындай жетістікке жетуі жаттықтырушысы А.Ережепбаевтың еңбегі мен қолдауы нәтижесінде.
Бұл Жамбыл облысының спорт саласындағы маңызды жетістігі болып табылады. Сондай-ақ, чемпионат Жамбыл облысының спорт инфрақұрылымының дамып келе жатқанын, облыстағы жастардың спортқа деген қызығушылығының артқанын көрсетті.
Қазіргі таңда үстел теннисіне қызығушылық артып, бұл спорт түрі облыс бойынша кеңінен таралуда. Спортшылар тек медальдармен ғана емес, сонымен қатар жеңіс пен жеңіліс арқылы үлкен тәжірибе жинақтауда. Жамбыл облысы чемпионаты – осы спорттың болашағы жарқын екенін дәлелдеді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен медальдармен марапатталды. Жас спортшылардың арасындағы бәсекелестік әрі қарай да жоғары деңгейде дамып, Жамбыл облысының үстел теннисі тарихында жаңа беттер ашуға мүмкіндік береді.
Бұл чемпионат Жамбыл облысының спорт саласындағы жетістіктерінің тағы бір көрсеткіші болып, алдағы уақытта үстел теннисінен тағы да үлкен жетістіктерге қол жеткізуге себеп болары сөзсіз.

Баймаханбет Елдос, Жамбыл облысы,
Байзақ ауданы, №8 мамандандырылған спорт мектебінің жаттықтырушысы

ПІКІР ЖАЗУ