Жан анам

Жан анам

Өмірдегі тірегім бар, ол — анам,
Жүрегімнің бір бөлігі, ол — анам.
Жаздай күліп, босағадан аттаған,
Бақытты боп, қуаныштан шаттанам.

Мені көріп мөлдір көзі жайнайды,
Нәзік қолы маңдайымды сипайды.
Мені аймалап өткен кезде кеудеге,
Қолаң шашы тұла бойды жайлайды.

Мына жарық дүниеге әкелген,
Аналардың еңбегі ерен не деген?
Сондықтан да құрметтейік ананы,
Аналарсыз тіршілік те жоқ дер ем!

Аяулым НЕСІПХАНОВА,
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Биназар ауылы, О. Жандосов мектебінің 4-сынып оқушысы. Ұстазы: Абдимананова Ляйла

ПІКІР ЖАЗУ