Жақсылық

Бір күні сабақтан қайтып бара жатқан Аружан жолда жылтырап жатқан әдемі сақинаны көреді. Оны қолына алып жан-жағына қараса ешкім жоқ екен. Бір кезде қасына құрбысы келеді. Аружан: «Мынау сенің сақинаң ба?»-деп сұрайды. Құрбысы жоғалтпағанын айтады. «Ертең бұл сақинаның иесін табайын »-деп ойлады да, сөмкесіне салып қойды. Ертеңіне көрші қыз аулада көңілсіз жүр еді. Аружан оның қасына келіп: «Саған не болды?»-деді. Қыз оған әжесі туған күніне сыйлаған сақинасын жоғалтып алғанын айтады. Аружан сақинаның иесін тапқанына қатты қуанды. Дереу үйіне барып, сөмкесінде тұрған сақинаны көрші қызға әкеліп берді. Ол өзіне алғысын білдіріп, қуана үйіне қарай жүгіріп кеткен қыздың артынан біраз уақыт қарап тұрды. Жақсылық жасау кішкентай ғана дүниелерден басталады. Есесіне үлкен шаттық сыйлайтынына көзі жетті.

Нұрханғали Аяулым
Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің 2-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ