Жаһандану талабына лайық болғай

Менің Шымыр, Данияр деген екі ұлым бар. Олармен бос уақытымда тауға шығып, демаламыз. Футбол ойнаймыз, жүгіреміз. Көбіне көлікке отырмай, жаяу жүреміз. Денсаулықты нығайту үшін жаяу жүрудің пайдасы көп екен. 5-6 аялдама жерге жаяу барып-келу балаларыма керемет қуаныш. Үйге келе жатқанда ұлдарыммен жүгіріп, жарысамыз. Кішкене балам бізден бұрын жеткеніне шаттанып күледі. Біздің оны алға қарай жіберіп, әдейі жүгіре алмай, қалып қойғанымызды байқамайды. Сенбі, жексенбіде қала сыртында тұратын әжелерінің үйіне барып, қолғабыс етеді. Жер қазып, гүл отырғызып, өсімдіктерді суарып, ағаштарды баптап демалу балаларыма сондай ұнайды. Оларға қырғыз тілі мен қазақ тілін үйретіп жүрмін. Классикалық музыкаға деген қызығушылықтарын арттырудамын. Бүгінгідей жаһандану заманында ұрпағымыз жан-жақты болуы керек.

Дәуіт Қара, ғылым докторы,
Мажарстан Ғылым академиясының ғылыми қызметкері (Будапешт қаласы)

ПІКІР ЖАЗУ