Жадыны және ойлауды дамыту кітап арқылы келеді

Елордада Республика күні қарсаңында №6 балалар кітапханасының салтанатты ашылуы өтті. Кітапхананың салтанатты ашылуында қонақтар кітап қорымен танысып, кітапхана залдарына экскурсия жасады. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. Адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.

 

Балалар кітапханасының ашылуына Астана қаласы мәслихатының депутаттары Ғабит Тәжімұратов пен Ерлан Дәкенов, Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Балалар кітапханасы сығанақ көшесі, 14 мекенжайында орналасқан.
«Осымен елорда бойынша төртінші жаңа кітапханамыз ашылды. Астана қаласындағы балалар кітапханасы қатарына тағы екі кітапхана қосылып, бүгінде барлығы 8 балалар кітапханасы жұмыс істеп тұр. №6 балалар кітапханасының кітап қоры көркем әдебиет, энциклопедия, балалар әдебиеті және шетел әдебиеттерін қосқанда – барлығы 2 500-дей кітаптан құралған. Бұл кітапхана көлемі, қызметкерлер санына да байланысты. Кітапхана 6-35 жас аралығындағы бала мен ересек оқырмандарды да қамтығанымен, кітапхананы, алдымен, балалар әдебиетімен толықтыруды мақсат тұттық. Бұл жерде қызмет тегін көрсетіледі, интернет желісі жұмыс істейді. Кітапхана сыйымдылығы – жылына 3 мың адам», — деді Астана қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Гүлбадан Мәдібаева.
Келушілер кітапханамен танысқан соң Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова алғашқы оқырман ретінде кітапханаға жазылып, үйден оқуға бірнеше кітапты жаздырып алды.
«Мен Нұра ауданының тұрғыны ретінде, осы аудан әкімінің орынбасары ретінде оқу залының абономентіне алғашқылардың бірі болып жазылып отырмын. Осы кітапханадан алып оқыған кітаптарымды өзімнің Instagram желісіндегі парақшамда бөлісіп, пікір білдіріп отыратын боламын. Бұдан әрі осы кітапханада кітап оқу, оны талқылау бойынша жобаны қолға алсақ деген ұсынысым бар. Сөйтіп, қазақ әдебиетіне қолдау көрсетсек, қазақ қаламгерлерін насихаттасақ», — деді Әлия Әбсеметова.
Нұра ауданы әкімі орынбасарының бұл ұсынысын көпшілік те құп көрді. Астана қаласы мәслихатының депутаттары Ғабит Тәжімұратов пен Ерлан Дәкенов те осындай кітапханалар елордаға әлі де керек екенін айтып, жаңа кітапхананың жұмысына сәттілік тіледі. Осы орайда Ерлан Дәкенов өзінің жеке шығармашылығынан балаларға арналған бірнеше өлеңін оқып берді. Қаланың кітапхана желісі 22 кітапханадан тұрады, олардың арасында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана да бар. Қалалық желінің кітап қоры 800 мыңға жуық дананы құрайды. Мәселен, қазіргі уақытта кітапхана қорына берілген кітаптар саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артты, бұл оқырмандардың өсуіне де айтарлықтай әсер етті.
Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында «Менің оқыған сүйікті кітабым» атты іс-шара өтті. Қазақстан Ресбуликасы Оқу – ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педогогикалық кітапханасы білім беру ұйымдары кітапханаларына «Балалар кітапханасы» бағдарламалар аясында жоспарлар берілген. Соған байланысты 5 «Ж»сынып оқушыларымен «Менің оқыған сүйікті кітабым» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар оқыған әдебиеттеріндегі басты кейіпкелері ең қызықты сәттерін айтып,бір-біріне оқыған әдебиеттерін ұсынды. Жобаның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту.

Кітап оқу сөздік қорын молайтады

Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқыған кезде, сіз әдетте күнделікті сөйлеуде қолданылмайтын сөздерді кездестіресіз. Егер қандай да бір сөз сізге таныс болмаса, сөздікте оның анықтамасын іздеудің қажеті жоқ. Кейде терминнің мағынасын мазмұн арқылы түсінуге болады. Оқу сөздік қорын арттыруға ғана емес, жалпы сауаттылығыңызды арттыруға да көмектеседі.

Кітап оқу адамдармен сөйлесуге көмектеседі

Оқу арқылы сауаттылық қана емес, сонымен қатар сөйлеу дағдыларыңыз да артады-өз ойларыңызды нақты, анық және әдемі тұжырымдау қабілеті. Бірнеше классикалық шығармаларды оқығаннан кейін сізде әңгімешінің таланты артады. Сіз мүлдем оқымайтын адамдарға ерекше әсер қалдырып, қызықты әңгімелесуші боласыз.

Кітап оқу сенімділікті арттырады

Кітап оқу бізді сенімді етеді. Әңгіме барысында біз жоғары эрудицияны және осы немесе басқа тақырыпты терең білетінімізді көрсетсек, біз еріксіз өзімізді сенімдірек және жинақтырақ ұстаймыз. Басқалардың сіздің біліміңізді мойындауы өзін-өзі бағалауға оң әсер етеді.

Кітап оқу стрессті азайтады

Қазіргі әлемде стресстен арылу көптеген адамдардың басты мәселесі болып табылады. Кітап мәтінінің қанықтылығы мен ырғағы психиканы тыныштандырып, денені күйзелістен босатады. Ұйықтар алдында үнемі кітап оқу әсіресе көмектеседі.

Кітап оқу есте сақтау мен ойлауды дамытады

Кітап оқудың маңызды артықшылықтарының бірі — бұл біздің ойлау қабілетімізге оң әсер етеді. Кітап оқу кезінде біз шығарманың осы немесе басқа идеясын түсіну үшін көбірек ой жүгіртеміз. Біз әдетте көптеген бөлшектерді ұсынамыз: кейіпкерлер, олардың киімдері, қоршаған заттар. Сондай-ақ, шығарманы түсіну үшін қажет көптеген нәрселерді есте сақтау керек. Бұл жады мен логиканы жаттықтырады.

Кітап оқу бізді шығармашылыққа баулиды

Шығармашылықты адамдар бірден бірнеше керемет идеялар жасай алады. Оларды қайдан алуға болады? Кітаптардан. Шығарманы оқи отырып, сол жерден кейіннен жүзеге асыруға болатын көптеген идеяларды жинауға болады.

Кітап оқу ұйқыны жақсартады

Егер сіз ұФйықтар алдында жүйелі түрде оқысаңыз, онда көп ұзамай дене оған үйреніп кетеді, содан кейін кітап оқу денеге жақын арада ұйқыға кету туралы сигнал болады. Осылайша сіз ұйқыңызды жақсартып қана қоймай, сонымен бірге таңертең сергек сезінесіз.

Кітап оқу зейінді жақсартады

Кітап оқу кезінде сіз бөтен заттарға алаңдамай, шығарманың мазмұнына назар аударуыңыз керек. Бұл дағды кез-келген басқа іс — әрекетте өте пайдалы. Сондай-ақ, кітап оқу шынайылықты және саналы шешім қабылдау қабілетін дамытады.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ