Волейбол – аралас спорт түрі
Волейбол – ұжымдық ойын, жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы десек қателеспейміз. Волейбол спорт ойынымен айналысатын команда ұжымы — бұл спорттық іс- әрекетімен бірігіп топтасқан белгілі мақсатта бағытталған тұрақты бірлестік. Волейбол — деген сөздің мағынасы “ұшатын доп” 1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылды, ал 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынды. Волейбол ойынының Европа мемлекетіне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1967 жылы Чехословакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Ауғанстан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Россияда волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдастырылды.
Қазіргі Қазақстан Республикасының волейболшы қыздары кіндік Азиядағы ең азулы ойыншылар қатарында.
Астанада Республика күні қарсаңында волейболдан әйелдер арасындағы жарыс өтті.
Байқоңыр ауданындағы Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясында екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан бәсекеде 8 команда чемпиондық атақты сарапқа салып жатыр. Олардың арасында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы, №31 мектеп-гимназия, №5 мектеп-гимназия, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі, №3 арнайы мектебі, Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі мен Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы бар. Шағын волейбол 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын. Жарыстар үш жас тобында өткізіледі: 7 жастан 8 жасқа дейін, 9 жастан 10 жасқа дейін және 11-12 жас. Шағын волейбол көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде мектеп бағдарламасына енгізілген. Шағын волейбол ГДР-да 1961 жылы пайда болды. 1972 жылы ережелер ресми түрде бекітілді. 2 деңгей бар: мини-3 және мини-4. Әр командада 3 (4) ойыншы + екі алмастырушы бар. Командада ерлер де, әйелдер де ойнай алады, бірақ олардың қарсылас командалардағы қатынасы бірдей болуы керек
Жеребе қорытындысы бойынша, алғашқы кездесуде былтырғы чемпион Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясы мен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің жолдары түйісті.
Алғашқы раунд олимпиадалық жүйе бойынша өтетіндіктен, жеңілген ұжым бірден турнирмен қоштасатын еді. Сондықтан қос тарап та аянып қалмай, әр доп үшін жанталасты. Алғашқы 2 сетте командалар жеңіспен алмасса, нағыз жанталас шешуші сетте өрбіді. Алғашқыда 7:2 есебімен Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің арулары сенімді түрде алда тұрғанымен, алаң иелері тез арада жинақталып, қарсыластың қателесуіне жол берді. Нәтижесінде 15:11 есебімен Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясының мұғалімдері жеңісті жұлып алды. Енді олар жартылай финалда айналмалы жүйе бойынша чемпиондық атақтарын қорғауға тырысады.
«Өздеріңіз байқағандай, ешкім оңайшылықпен жеңілгісі келмейді. Жарыс болған жерде міндетті түрде бәсекелестік болады. Республика күніне орай екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарысымыз тек әйелдер арасында өтеді. Бұл да өзіндік ерекшелік. Жас шектеуі жоқ. Осындай турнир арқылы мектеп қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, өзара байланысын арттырып, жаңа таныстықтарға жол ашады. Ал бәсекеге келетін болсақ, барлық жеңімпаздардың есімі бүгін белгілі болады», — деді жарыс ұйымдастырушысы Қанағат Саятулаев.
Турнир соңында жеңімпаздар мақтау қағазымен, медальмен және арнайы кубоктармен марапатталады.
Волейбол – елімізде ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап кең жайыла бастаған ойын. Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Жеке тұлғаның жан — жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Г.Тұрлыбекова