Венчурлық қаржыландыруды дамыту еліміз үшін маңызды

Мемлекет басшысы Қазақстан Халқына кезекті Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды. Кәсіпкерлікті қаржыландырудың, қаржы салудың бірнеше жолдары бар. Әлем елдерінде қарқының дамыған түрі – венчурлық қаржыландыру. Ол – қайта ашылатын шағын жоғары технологиялық перспективасы бар компанияларға ғылыми өнімдерді жасауға, өндіру, дамыту, пайда табу мақсатында салынатын тәуекелі жоғары ұзақмерзімді жеке қаржы инвестициясы. «Венчур» — ағылшынның «venture» тəуекелді кəсіпорын немесе бастама дегенді білдіреді. Венчурлік капитал жеке бизнесті каржыландырудың баламалы нысаны ретінде АҚШ-та 50-жылдардың ортасында пайда болды. Еуропаға ол тек 70-жылдардың соңында ғана келді. Венчурлік капитал пайда болғанға дейін əлемде шағын жəне орта бизнесті каржыландыруды банктік капитал, ірі корпорациялар мен компаниялар жəне ауқатты адамдар, яғни «бизнес періштелерінің» қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылған. Венчурлық бизнес дегеніміз – пайда табу мақсатында біреуі қаражатымен, екіншісі идеясымен инновациялық ғылыми сыйымды өнім шығаруға бағытталған үлкен тәуекелге баратын кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы. Венчурлық қаржыландыру стартап-жобаларды әлеуметтік, қаржылай қолдауға мүмкіндік береді. Дамыған шетелдік мемлекеттерде кең тараған венчурлық қаржыландыру біздің елімізге де енді. Мемлекеттің бастамасымен 2004 жылы алғашқы венчурлық қорлар пайда болды.  Бүгінде үкімет венчурлік қаржыландыруға көңіл бөліп отыр.

Жоғары білім беру орындарының жанынан технопарктер, инновациялық технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлар, шағын инновациялық кәсіпорындар, маркетингтік зерттеу қызметтері жүргізу, мамандардың кәсіпкерлікке даярлығы, инновациялық жобаларды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Осы орайда венчурлық капиталдың болашағын дамыту үшін экономиканы көтеруге әсер ететін механизм ретінде инновациялық жобалар санын көбейту, индустрияға отандық капиталдың санын арттыру, венчурлық инвесторларды тартудың белсенділігінің көтеру, венчурлық қаржыландыру туралы білім сапасын жақсарту бойынша стратегиялық жоспар құрып, жұмыстар жүргізуіміз қажет.

Венчурлық бизнестің маңызы.

Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиеден қандай айырмашылығы болуы мүмкін:

Инвестор өз қаржысын акцияға салады.

Инвестор жаңа кәсіпорынға көмектеседі (кеңес береді, тәжірибесімен бөліседі, таныстар табады).

Тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді.

Банктер тәуекелі жоғары әрі ұзақ мерзімге қаржы беруден сақтанады.

Венчурлық капитал беруші акционері ретінде сәтсіздіктерді де, жауапкершілікті өзінің мойнына алады.

Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптес ретінде жұмыс істейді.

XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Венчурлік бизнес дегеніміз – технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады. Венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ, «тәуекелді кәсіпорын» болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады».

Венчурлық бизнес көпшілікке таныс емес бизнес түріне жатады, тек соңғы жылдары ғана бизнестің осы түріне айрықша назар аударыла бастады. Қазақстан азаматтары венчурлық қорлардың жұмысымен толық таныс деп айта алмаймыз. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық жұмыс істемеуінің де өз әсері бар. Енді, осы венчурлық қорларға  тоқтала кетсек.

Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты – «Қазына» орнықты даму қорына кіретін ҰИҚ өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығына мүше болып табылады. Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, оладың қаупінің төмендеуіне, инновациялардың коммерцияларндыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді әрекет жасауына өз септігін тигізеді. Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Қазіргі заманның дамығаны сонша, шекараны өшіріп, арақашықтықты жақындатып, қазіргі заманның коммуникация құралдарының мүмкіндігін арттыруда. Қазақстандық алдында нарық субьектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми ізденістерді қажет ететін технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған жағдайлар тудыру міндеті де тұр.

Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл ауқатының жақсаруы ғылыми техникалық жетістіктердің нәтежиесі болып табылады.

«Алғашқы венчурлық бизнес Қазақстанда «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамын құрумен тікелей байланысты.

Венчурлық бизнес еліміз үшін маңызды. Банк несиесіне қарағанда, оның өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті. Сол себепті, венчурлық бизнес әлем үшін де, еліміз үшін де таңсық емес. Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ