Үздік жас ұстаз

Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, педагогтердің иновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында “Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз” байқауы өтті.

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №96 мектеп-гимназия базасында өткен байқау ережесі бойынша қатысушылар үш кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші кезеңде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазды. Екінші кезеңде «Шығармашылық жолдың бастамасы» бейнебаян жасады. Екі кезеңнен іріктеліп алынған 9 жас маман 3-кезеңде ашық сабақтар өткізді. Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 46 жас маман қатысты. Байқау комиссиясы екі күндік сайыс қорытындысы нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Аталған байқауға Астана қаласы әкімдігінің «Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылов Миіржан Рамазанұлы қатысып өзінің білікті, еңбексүйгіш, өз пәнін жетік білетінін дәлелдеді. Ол жүлделі 2-орынды иеленді және республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Келесі кезеңдегі шығармашылық жұмыста-рына сәттілік тілейміз!

Әділет Қабиденұлы,
Мөлдір бұлақ

ПІКІР ЖАЗУ