Үздік педагог — 2024

 

Педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мəртебесінің артуына, білім беру саласына тəуелсіз сараптама жасап, үздіктерін анықтап, оларды көтермелеу бағытында қоғамдық сектордың маңыздылығы зор. Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді орындап, қоғамда педагог мəртебесін көтеру, білім саласында өз жұмысын адал, сапалы əрі жауаптылықпен орындайтын білікті мамандарды ынталандырып, өзге əріптестеріне үлгі ету.

Астана қаласы Білім басқармасында «Үздік педагог-2024» атағын беруге арналған республикалық конкурстың қалалық кезеңінің жеңімпаздары жарияланды. Конкурсқа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балабақша тəрбиешілері, жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері, ОАОО жəне ЖОО-ның оқытушылары, жас педагогтер, ардагер ұстаздар қатыса алды. Негізгі шарттардың бәрә конкурсқа қатысушының педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан жоғары болуы керек. Байқаудың барлық кезеңі, нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.
Қалалық кезең жеңімпаздарының қатарында мектептердің, колледждердің және балабақшалардың жеті педагогі бар. Олардың ішінде:
— Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК химия пәні мұғалімі;
— Ұзақбайқызы Гүлназия, Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК тарих пәні мұғалімі;
— Хлыбов Андрей Леонидович, Астана қаласы әкімдігінің » № 46 балабақша-мектеп-гимназиясы кешені» КММ география мұғалімі;
— Сатмағамбетова Жанар Андреевна, Астана қаласы әкімдігінің «№33 «Алтын дән» бөбекжайы» МКҚК музыкалық жетекшісі;
— Сүндетова Айнагүл Қалиқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы;
— Қырғызбаева Баян Даутбайқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Сұлтанбек Қожанов атындағы № 64 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК география пәні мұғалімі;
— Сембина Майра Тұрсынханқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Astana Polytechnic жоғары колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы.
Айта кету керек, қалалық кезеңде «Үздік педагог» атағына ие болған мұғалімдер конкурстың III (республикалық) кезеңіне қатысу үшін жіберіледі.
Конкурсқа меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар штаттық педагогтер қатысты. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
Байқау жеңімпаздарына арнайы номинация бойынша дипломдар табысталады. Сонымен қатар «Ұстаз» ордені, «Үздік педагог», «Ы.Алтынсарин», «Үздік жас педагог» төсбелгісі қоғамдық наградаларымен марапатталады.
Үздік педагогтар – қоғамның қозғаушы күші, интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы әлеуетті құрам. Оларды дер кезінде танып, лайықты бағалау, іс-тәжі¬рибесін насихаттау, өзгелерге өнеге ету – педагогтар құрамының сапасын арттырудың кепілі. Нағыз ұстаздар ғана еліміздегі адами капитал сапасының өсуіне серпін береді. Олардың қатары көбеюі үшін, бұл мамандыққа нағыз лайықтыларды іріктеу қажет.
Үздік педагогты марапаттағанымыз – барша ұстаздарды ардақтағанымыз. Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

ПІКІР ЖАЗУ