Ұстаздық – ұлт келешегін тәрбиелеу

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұлтқа қызмет ету – ұрпаққа аманат» – деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Ұстаздық – қарапайым кәсіп емес, ол ұлттың келешегін қалыптастыратын, жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, олардың бойына адамгершілік пен патриоттық қасиеттерді дарытатын жауапты міндет.

Мен Батырбекова Перуза Елубайқызы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Екпінді ауылындағы №22 жалпы орта білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  және тарих пәні мұғалімі. Осы алтын ұяда шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқаныма 30 жыл болды.

Мектеп – білім мен тәрбие ордасы

Екпінді ауылындағы  22 жалпы орта білім беретін мектебімізде – ұлтымыздың болашағына үлес қосатын ұрпақты тәрбиелеп, жетістікке жетелейтін қасиетті орын. Мұнда оқушыларға заманауи білім беріліп, тәрбие мен оқу үрдісі қатар ұштастырылады. Мектеп қабырғасында білім алған шәкірттердің өмірлік жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына үлес қосатынына сенімім мол.

Біздің ұжымның әрбір мүшесі оқушылардың жан-жақты дамуы үшін бар күш-жігерін аямайды. Оқу кабинеттері жаңа технологиялармен жабдықталған, ал ұстаздарымыз оқыту барысында креативті әдістерді қолданады.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, сапалы біліммен қатар тәрбие беру – басты ұстанымымыз.

Жетістіктеріміз – мақтанышымыз

Біздің шәкірттеріміз білім, өнер, спорт салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, мектептің мерейін асқақтатып жүр.

Мен өз оқушыларымның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Бұл орайда, «Мөлдір бұлақ» журналы ерекше рөль атқарады. Бұл журнал – балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың ойын еркін жеткізіп, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша алаң.

«Мөлдір бұлақ» – еліміздегі жас қаламгерлердің қолдау көретін бірегей басылымдарының бірі. Балалар мен жасөспірімдер үшін бұл журналдың тек оқу материалы ғана емес, шабыт көзі екенін атап өткім келеді. Оқушыларымның әрқайсысы бұл журнал арқылы өз талантын дамытып, мақала, өлең, әңгімелер жазып, өзіне деген сенімділігін нығайта түсуде.

Мектеп оқушыларының арасында «Мөлдір бұлақ» журналына мақала, өлең жазып, үздік жұмыстарын жариялаған шәкірттеріміз өте көп. Олар әр түрлі тақырыптағы шығармаларымен республикалық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындар алып, мектебіміздің мерейін үстем етуде.

Мектебіміздің оқушыларының жетістіктеріне соның ішінде өзім жетекшілік еткен шығармашыл шәкірттерімді атап өтсем. Сондай-ақ осы “Мөлдір бұлақ” жас зиялыларға арналған танымдық журналына барлық сынып жазылып, дос болғалы 20 жылдан асты десем қателеспейтін едім. Осы орайда әр жылы сүйікті басылым ұйымдастырған әр жылында жүлдегер атанған және соңғы 3-жыл қатарынан жеңімпаздар қатарынан шәкірттерім бой көрсетуі ерекше мақтаныш сезім әкелді. Атап айтар болсам

  • 2017 жыл: Жанұзақ Елдар «Туған елің – қыдырың, Тәуелсіздік тұғырың» атты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған эссе  байқауда 1-орын иеленді. Қазіргі таңда, Елдар шәкіртім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқарып, өз білімін кейінгі ұрпаққа жеткізуде.
  • 2015 жыл: Махан Нұрай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тақырыбында Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай өткізілген эссе байқауда 2-орын иеленді. Нұрай алғашқы шығармашылық қадамын «Мөлдір бұлақ» арқылы бастап, қазіргі уақытта журналистика саласында белсенді қызмет етіп жүрген талантты қызым “Меркі ақиқат” аудандық газет баспасында жұмыс жасауда.
  • 2022 жыл: Махтабай Нұрдаулет бас жүлде, ал Нұржанқызы Аяулым 2-орын иеленді. Бұл жетістіктер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты эссе байқауында қос шәкіртім де жүлделі орыннан көрінуі мақтаныш ұялатты. Осы жеңіс арқылы олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жаңа деңгейге көтерді.
  • 2023 жыл: Жұмабек Аяулым балалар әдебиетінің атасы Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен” атты республикалық эссе байқауда 1-орын иегері атанды.
  • 2024 жыл: Есенжол Темірлан Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Адам болудың алғашқы қадамы – балалық шақтан басталады» атты байқауда 3-орын иеленді. Бұл жеңістер тек жеке оқушылардың емес, сонымен қатар мектебіміздің де абыройын асқақтата түсті.

Мен үшін «Мөлдір бұлақ» – тек журнал ғана емес, балалардың шығармашылық болашағына жол ашатын ерекше құрал. Журналдың беттерінде орын табу – балалар үшін үлкен мотивация. Сондықтан шәкірттерімнің әрбіріне осы журналды насихаттап, олардың талантын шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге бағыттау – менің басты мақсатым.

«Мөлдір бұлақ» шәкірттерге тек өз шығармаларын жариялауға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың ішкі әлеуетін ашады, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Осы журнал арқылы оқушылар өз ойын ашық әрі еркін жеткізіп, еліміздің болашағы ретінде сенімділігін арттырады.

Мен ұстаз ретінде шәкірттерімнің шығармаларын журнал беттерінде көрген сайын өз еңбегімнің нәтижесін көріп, ерекше шабыттанамын. Журнал – балаларды тұлға ретінде қалыптастыратын, олардың шығармашылық әлеміне қанат бітіретін құрал. Сондықтан әрдайым «Мөлдір бұлақтың» маңыздылығын айтып, насихаттауды өзіме парыз санаймын. Мөлдір бұлақ – талантты балалардың жарқын болашағына жол ашады!

Бұдан бөлек, Менің жетекшілігіммен оқушылар бірнеше рет облыстық, республикалық байқауларда топ жарды. Мысалы: 2022 жыл — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9 сыныптар арасында республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының  қорытынды турының жеңімпазы 7-сынып оқушысы – Алім Мәншүк Іl-дәрежелі, Қоштық Серғазы  ІІІ-дәрежелі диплом.

Халықаралық конкурс «Золотое руно»  Төкен Алдияр, Шөңкебай Айнур, Алім Мәншүк, Жұмабек Бегдәулет, Сайлаубай Перизат, l- дәрежелі дипломмен марапатталды.

2021 жыл- Республикалық «Дарын онлайн » орталығы Қазақстан тарихы пәнінен 5-7 сыныптар арасындағы жеңімпаздар Алғадай Дастан, Алимбай Айдана, Есенжол Мейірлан ll-дәрежелі диплом.

2021ж- Qaztest.kz  профессор Ермұхан Бекмаханұлы атындағы Республикалық олимпиадасының жүлдегері , ІІ-дәрежелі диплом Джанұзақ Мерей, Жанұзақ Жания, Ерсін Амина  І дәрежелі диплом.

2022 жыл- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9 сыныптар арасында республикалық « Жас тарихшы» қашықтық олимпиадасының  қорытынды турының жеңімпазы 6-сынып оқушылары Жұмабек Аяулым, Есенжол  Темірлан l-дәрежелі диплом.

2022 жыл — «Жас дарын » Республикалық әдістемелік «Ең үздік» ғылыми жоба байқауы

жеңімпазы Жұмабек Аяулым ll-дәрежелі диплом.

2021 жыл- Төс белгі «100 дарынды оқушы» иегері Шөңкебай Айнур.

2022 жыл- «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ»  эссе байқауы жұмысынан Жанұзақ Жания  облыстық l-дәрежелі .

2023 жыл- «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-9 сыныптар арасында республикалық «Тарих» пәндік  олимпиадасының  қорытынды турының жеңімпаздары 7-сынып оқушылары Тоқтанбек Ләззат, Жанұзақ Даяна, Қонысбай Бекзат, Дүйсенбек Айгерім. Бұл тек балалардың ғана емес, ұстаздардың да қажырлы еңбегінің жемісі.

Ұстаздық – өмірлік ұстанымым

Мен үшін ұстаз болу – жай ғана жұмыс емес, бұл – жүрек қалауы. Әрбір шәкіртімнің жетістігі – менің басты марапатым. Баланың жүрегіне жол тауып, оның болашағына бағыт беру – ұлт алдындағы парызым. «Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі» деген нақыл сөздің терең мәнін әр күн сайын сезінемін. Өзім еңбек ететін ұжымның бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында білім саласына қосқан үлесім үшін көптеген марапаттарға ие болдым.

Жетістіктерім: 2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2022 жылы республикалық қашықтық олимпиадада І орынды иелендім. 2023 жылы «Ұлағатты ұстаз» төс белгісінің иегері атандым. 2024 жылы шығармашылық байқауда үздік ұстаз деп танылдым. 2019 жылы аудандық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» Іll орын иеленді. 2023-2024 оқу жылы «Білім педагогикалық шығармашылық орталығы» «Ustudy»  аймақтық тестілек орталығының  ұйымдастыруымен «ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ – 2023» ІІІ Республикалық олимпиадасының І орын игері.

Алғыс хат  —  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы  2023ж.  Алғыс хат — Тараз қаласы Меркі ауданының әкімі 2021 ж. Диплом-  «Жарқын» республикалық ғылыми-ақпараттық журналы, «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауы ІІ дәрежелі диплом, 2022ж. Алғыс хат – Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры 2023ж. 2022ж. «Жас дарын» Республикалық педагогикалық әдістемелік «Үздік ғылыми» жоба байқауына жеңімпаздар дайындағаны үшін мадақтама. 2021ж- Qaztest.kz  профессор Ермұхан Бекмаханұлы атындағы ІІІ Республикалық олимпиадасының жүлдегері, ІІ дәрежелі диплом. 2018-2019 жыл  «Көшбасшы мұғалім»  республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы ұйымдастырған «Үздік мақала» байқауында  І – орын. 2019-2020  жылы «Көшбасшы» педагогикалық орталығы «Педагогикалық инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы ұйымдастырған  Үздік сабақ жоспары» байқауында  І – орын .

Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы ұйымдастырған  «ТАҒЫЛЫМ»   «2020-2021 оқу жылының 100 үздік педагогикалық мақаласы» республикалық конкурсының «Үздік сабақ жоспары» байқауында  І – орын. 2020-2021жылы  «Көшбасшы мұғалім»  республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы  ұйымдастырған  «Үздік мақала» байқауында  І – орын. 2023-2024ж «Оқу-тәрбие үдерісінің заманауи  әдістері мен оларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық дөңгелек үстелге қатысып, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Құрмет грамотамен марапатталды.

Бұл марапаттар менің жұмысыма деген жауапкершілігімді одан әрі арттырады.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, білім беру – мәңгілік құндылық. Екпінді мектебінде еңбек ете отырып, болашақтың шамшырақтарын тәрбиелеп жүргенімді мақтан тұтамын. Ұстаздық жолымдағы ең үлкен арманым – шәкірттерімнің өмірде өз орындарын тауып, елдің мақтанышы болуы.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт келешегінің іргетасы. Сондықтан әрбір ұстаз өз ісіне жүрекпен қараса, еліміздің болашағы жарқын боларына сенім мол деп сөзімді қорытындылар едім.

Батырбекова Перуза Елубайқызы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Екпінді ауылы №22 жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ПІКІР ЖАЗУ