Ұстаздық ұлағат
Нəсіп Қасенқанқызың «Қазақстаным — қара шаңырағым» өлеңдер жинағы Отан, туған халқы, ана тілі, тəуелсіздік, елінің аяулы азаматтары Мұхтар Шаха¬нов, Шерхан Мұртазаға арналған.
Автор өлеңдері мектеп оқушылары- ның танымдық ой-өрісінің дамуына ықпал етіп, қиялына қозғау салады.
Туған халқының батыры мен ақынын, əншісі мен күйшісін, ұлтын сүйген дара тұлғаларының бейнесін өлең тілімен шынайы жеткізген.
Тəуелсіздіктің оңай келмегенін, халықтар достығы, қазақ елінің мейірбандығы, қайырым- дылығына тоқталып, ұлттық құндылықты бағалай білуге үйретеді.
Поэзия – асыл ойдың биігі болғандықтан, алған əр тақырыбын жан-жақты ашуға тырысқан. Қазақтың дəстүрлі аспабы домбыра жайлы жаңалықтың жаршысы есебінде кейіптеу арқылы жансызға жан бітіре суреттейді. «Күй толғау» өлеңінде аллитерацияны тиімді пайдаланып, өлең өрімін құбылтып, əсерін күшейте түседі.
Өлеңдерінің тəрбиелік мəні жоғары деп ойлаймын.
Алтынхан СЫДЫҚОВА,
«Ғалым» қазақ ұлттық гимназиясының қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі.
Алматы қаласы.