Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
«Мөлдір бұлақ» журналын құрбым, әнші Ермек БАЛЖІГІТ таныстырды. Өзі туралы жазылған екен. Барлық беттерін түгел оқып шықтым. Содан бері журналдың бір оқырманымын деп мақтанамын.
Күллі мұсылмандардың Жаңа жылы Наурыз мерекесімен еліміздің мектептеріндегі құрбыларымды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жылымыз бақыт пен қуаныш, шаттық пен құт-береке алып келгей. Барлық балалар мен аналар, әкелеріміздің әр күні наурыздағыдай жайдары болғай.
Сіздердің ұжымдарыңыз да көптеген жетістіктерге оқырмандарымен бірге жетулеріңізге тілектеспін.
Алина ТЕЛҒОЖА,
Талғар қаласы.