Түркістанға саяхат

Өткен оқу жылында 20-23 наурыз аралығында Алматы қаласы № 123 Қожа Ахмет Яссауи атындағы мектеп-гимназияның 4 «Ғ» сынып оқушылары, сынып жетекшіміз ШАМИЕВА Зульфия Вайытқызы және ата-аналармен бірге Түркістан қаласына бардық. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Жер асты мешітіне, Шығыс моншасына, Укаша ата сахабаның зираты және қасиетті құдығына саяхат жасадық.
Түркістан кесенесінің тарихына қысқаша тоқталсақ: «Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Оның 1500 жылдық тарихы бар. Ол да сол кездердегідей негізінен саз балшықтан құйылған кірпіштермен тұрғызылған.
Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі. Кесененің солтүстік жағында биіктігі оншақты метрдей, ұзындығы да әудем жерді алып жатқан «Қамал қорғаны», «Рабия сұлтан бегім» күмбезі, «Есім хан мазары», «Қылует жер асты мешіті» және ортағасырлық «Шығыс моншасы» бар. Бұл ескерткішті әлемдегі жеті ғаламаттың бірі десе де болады. Сонымен бірге археологтардың пайымдауынша, Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді » — делінген мәліметтерде.
«Укаша ата сахабаның зираты және қасиетті құдығы». Ол Түркістан қаласынан 60 шақырымдай жерде орналасқан. Келушілер Укаша сахабаның ұзындығы 20-25 метрдей ұзын қабірінің басына дұға жасайды.
Қорыта келгенде, осы саяхатқа барған оқушылардың 80 пайызы бүгінгі күні № 178 лицейде білім алып жатыр.
Александр ПАНАЧЕВ,
№ 178-лицейдің 5 «Ә» сынып оқушысы,
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ