Туған жер
Отан десе жүрегім «дүрс-дүрс» қағады!
Отаннан бәрі-бәрі басталады.
Кіндік қаным тамған жер – Меркі өңірі,
Суы шипа, таза ауа, ой салады.
Жырлаймын мен, өзіңмен мақтанамын,
Салқын самал, кең жайлау, биік тауым.
Етегінде сол таудың жайқалады,
Көктемде қызыл-жасыл қызғалдағым!..
Шипажайда суың бар – «Родон» деген,
Сол суың денсаулыққа пайдалы ем.
Топырағың киелі, жырлаймын мен,
Келетін жер бар ма екен дәл саған тең?!..
Тұлғалардың атақты шыққан жерін,
Біледі алыс-жақын түгел елім.
Сыпатай, Жауғаш атты бабалардың,
Әруағына әрқашан бс иемін!
Бөкен Албина Ахмадиярқызы, Жамбыл облысы,
Меркі ауданы
№44жалпы орта білім
беретін мектеп-гимназиясының
3 «Б» сынып оқушысы