ТУҒАН ЖЕР

Кең далада жүремін,
Асыр салып күлемін.
Жерім гүлді жап-жасыл,
Бейне жайған кілемім.
Мен жерімді сүйемін,
Аманатқа иемін.
Мекен болған қазаққа,
Аман болсын киелім!
Сәкен Дария,
Алматы облысы, Сарқан ауданы,
Сарқан қаласы №1 мектеп — гимназиясының 2 сынып оқушысы
Cынып жетекшісі: Джайлаубаева Майра Камбуловна