Транссібір магистралі

15bet_f32Еуропа Транссібір туралы 1900 жылғы Па¬риждегі Бүкілəлемдік көрмеде Ресейдің темір жол құрылысы жүріп жатқанын алғаш жариялағанда барып білді. Ұлы Сібір магистралі — техникалық алып құрылыс — əлемдегі ең ұзын (9288 км) темір жол. Құрылысшылар бұл жолды төсеу үшін ит тұмсығы өтпейтін ну тайга мен Байкал маңы жартасты тауларын, мəңгі мұз тоңдарын үлкен қиындықтармен, ауа райының қатал құбылыстарына қарамай тек күрек пен қайланың күшімен игеруіне тура келді. Осы темір жолдың арқасында Ресей Сібірдің қиыр түкпіріндегі өлкелерді игеруге қол жеткізді. Транссібір магистра¬лі Ресейдің ең басты темір жолына айналды. Алып магистральдің құрылысы 1891 жылдың 19 мамыры¬нан басталып, 1916 жылдың қаңтарында аяқталды. 15bet_f23Бұл туралы «Франс» газеті кезінде былай деп жаз¬ды: «Американың ашылуы мен Суец каналының құрылысынан кейін əлемде Сібір жолынан асқан алып құрылыс, ұлы оқиға болған емес». Транс¬сібір магистралі батыстан шығысқа дейін екі кон¬тинентті басып өтеді: Еуропа (1777 км) жəне Азия (7512 км). Транссібірдің ұзындығы Еуропа бойынша 19,1 пайыз, Азия бойынша 80,9 пайыз. Транссібір Ресей территориясының 13 облысын, 4 өлкесін, 2 автономиялық республикасын, 1 автономиялық облысы мен 1 автономиялық округін басып өтеді. Өз жолында Мəскеу, Пермь, Екатеринбург, Омск, Новосибир сияқты үлкенді-кішілі 87 қаланы, Вол¬га, Кама, Тобыл, Ертіс, Обь, Енисей, Ока, Селен¬га, Амур, Уссури сияқты 16 ірі өзендерді, көптеген көпірлер мен тон¬нельдерді басып өтеді.
Бүгінде Ресей бойынша темір жолмен тасымал¬данатын жүктің 70 пайызы осы магистральдің үлесінде.

ПІКІР ЖАЗУ