Тосын сый
Алматы қаласы Б.Атыханұлы атындағы № 36 мектетің 4 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары комитетінен хабарласып: — Құрметті «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы! Сіздердің журналыңызды оқып шыққан соң, балала- рымызға өте қажет екеніне көзіміз жетті. Ұл-қызы-мызға берер рухани азығы көп екендігіне сүйсіндік. Тіпті, біз ғибрат алатын дүниелер бар екен. — Ниеттеріңізге рақмет! — Біздің бір өтінішіміз бар еді, сынып болып журналға жазылдық. Келесі жылы балаларымыз бастауышпен қоштасады. Ұстаз ТАНТАЕВА Қарлығаш Серікқызына «Тосын сый» әзірлесек деп едік. — Ұстаз шәкірттерінің оқырманымыз бола білгеніне қуаныштымыз. Иә, ұстазымен түскен фотосуретті жариялайық. Ата-ана мен ұстаз баласымен мақтанса, біз оқырманға танытуға әзірміз.