Тосын сый
Мерекеде ұстазым мен анама тосын сый жасамақ едім. Әрі ойладым, бері ойладым, ойыма ешнәрсе түспеді. Содан далаға шықтым. Екі кештің ортасы. Далада қар қалың, аяз.
— Әй, бала, жалғыз өзің не істеп жүрсің? Қай мектепте оқисың? – деп көшеде кездескен тәте сұрап жатыр. Жөнімді айттым. – Жүр, — деп тәте үйіме дейін бірге келді. Сол сәтте қақпа алдына анам да шыға қалды.
* 2 «а» сыныбының мұғалімі – Сара Искакова, ата-аналар Б. Данашева және А. Мұхаметжанова.
Екеуі сөйлесіп кетті. Үйге кірген соң, тәтенің кім екенін сұрадым.
— Балам, тәтең аудандық білім бөлімінде істейді. Әсия Тоқтарбайқызы. – «Мөлдір бұлақ» журналын бізбен таныстырған, — деді.
Содан дереу фотосуреттерді сіздерге поштамен салып жібердім.
Бекболат ЕРНИЯЗОВ.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
Кеген ауылы.
* 2 «ә» сыныбының жетекшісі – Күлсара Әкімбекова.
P.S. Хаттың авторы ортада ұлттық киіммен тұр.