Төле би Әлібекұлы

Төле Әлібекұлы — қазақтың атақты шешені, биі, қайраткері. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде дүниеге келген.
Ол жастайынан билердің бас қосқан жиындарына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендігінің арқасында көпке таныла бастаған. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі айрықша.

Қарлығаш би

Ел ауызында Төле би «Қарлығаш би» деп те аталады. Оны үйінің шаңырағына қарлығаш ұя салғандықтан көшпей қалып қойғандығымен байланыстырады. Төле би өмірінің көп жылын Ташкенттің, Түркістанның тыныштығын сақтауға, гүлдендіріп, дамуына жұмсағаны мәлім. Ол 1756 жылы 93 жасында дүниеден озды. Жерленген кесенесі Ташкенттің орталығында.
Атақты бидің нақыл сөздерінің аз ғана бөлігін оқырмандарға ұсынып отырмыз.

www.moldir-bulak.kz

ПІКІР ЖАЗУ