Той тамаша өтті

Біз Есік қаласындағы қазақ-түрік лицейінде оқимыз. Жатақханаға орналастық. Сыныптастарым әр мектептен жиналған. Бір аптадан соң шүйіркелесіп, танысып кеттік. Тек сабақ оқимыз. Телефон ойындарына, компьютерге бұрынғыдай қадалуға уақыт жоқ. Жаңа 2012 жылды қарсы алдық. Аналарымыздың мерекесін де атап өттік. Енді алдымызда ең жауапты кезең — күллі мұсылман қауымының Жаңа жылы — Наурызды қарсы алу жауапкершілігі жақындады.
— Ылғи ұлдармыз. Ұйымдастыруда кемшілік жіберіп қоймасақ жарар еді, — деп сынып басшысы Айдар қобалжыды.
— Менің сыныбымда бәрін қыздар атқаратын. Мен тасу-әкелу жұмысында ғана жүретінмін,- деп Жафар қостады.
— Жігіттер, бәріміз жабылсақ, қатырып тастаймыз,-деп Ержан ақыл айтып қойды.
Биылғы сәуір айының 15-жұлдызында «KATEV» қоғамдық білім беру қорына қарасты барлық лицейлерде Наурыз тойы тойланды. Бұл мереке А.Малкеев атындағы лицейде де тамаша өтті. Ата-аналардың көмегімен ақ шаңқан киіз үйлер тігілді. Той өткізу шарасының барлық талаптарын дерлік жоғары деңгейде орындаған біздің 7 «б» сынып ІІ орынды иеленді.
А. КУЧУКОВ. Алматы облысы.

ПІКІР ЖАЗУ