Тіл және Рәміз егіз ұғым
Жуырда Астанада «Тіл және Рәміз» атты тағылымды іс-шара өтті. Тіл — тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Мемлекеттік тіл әрдайым мемлекеттің қорғауында және оның қамқорлығында болады. «Біздің рәміздеріміз — біздің мақтанышымыз». Жыл сайын 4 маусымда Қазақстанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев салтанатты жиында тілімізді, рәміздерімізді құрметтеп, мақтан етуіміз қажеттігі туралы өз пікірін білдірді. ҚР Елтаңбасының авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков жастарға өз тілегін білдіріп, патриоттық сезім, ұлтжандылық туралы әңгіме қозғады. Жастармен еркін кездесу өтті.
Тіліміз, Ту, Елтаңба және Әнұран. Бұл нышандар Қазақстанның дербестігі мен тәуелсіз ел екенін дәлелдейді. Мемлекеттік туымыз, елтаңбамыз бұл тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің символы. Қазақ тілі – біздің намысымыз.
Әділет Қабиденұлы