Тіл — мәңгілік тірегің

Тіл — таусылмас байлық. Тіл — халықтың жаны, елдігіміздің, еркіндігіміздің белгісі. Өз тілің тұрғанда өзге тілге көз тігу, әрі сол арқылы қатынас жасау – барып тұрған сұрқиялыққа жатады. Ана тіліңде анаға деген махаббат жатыр, Отанға, елге , туған жерге деген сүйіспеншілік жатыр. Бүгінгі таңда сол ана тілге деген сүйіспеншілік суынып бара жатқан секілді. Тіл үшін күрес-күрестердің ұлысы. Олай болса, біз де қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тіліміздің ұмытылмауына, әрі орынсыз шұбарлануына жол бермеуіміз керек. Себебі, тіл ертеңгі болашағымыздың басты кепілі.
Мен анамды ұғындым деп мақтанам,
Тілін білдім, жырын білдім жаттаған.
Өз анасын сыйламаған пақырлар,
Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам, — деген ақынның жыр шумақтарымен өз ойымды аяқтағым келеді.
Мадина КЕРІМҚҰЛОВА.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ