ТЕТ-А-ТЕТ форматындағы жиналыс өтті

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандың жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар үсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие.

30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ТЕТ-А-ТЕТ форматындағы жиналыс өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ықпал ету және жоғары білім беру жүйесі туралы жан-жақты ақпарат беру.
Жиын барысында жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беру мекемелерінің өкілдері ата-аналармен жеке кездесіп, заманауи білім беру мүмкіндіктері, мамандықтар мен еңбек нарығындағы сұраныстар туралы баяндады. Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру аясында оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары және оқу орындарының артықшылықтары туралы кеңестер берілді. 

Кәсіби бағдар беру жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы түрде таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шығармашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтың экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыңқа мүдделілігін тәрбиелеуді қажететеді.
Мамандықты саналы таңдауда қабілеттіліктің үлкен маңызы бар. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мумкіндіктеріне қол жеткізесің. Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен турлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор.

Әділет Қабиденұлы

ПІКІР ЖАЗУ