Теңіз түбіндегі таңғажайып тіршілік
Көпшілігіміз теңізге шомылып көрдік. Лақтыр-
ған тасымыз күмп етіп тереңге батып кетеді. Кейде «теңіздің түбінде не бар екен» деп ойла-ған кездеріміз де болады. Ашық теңіздердің тереңдігі 4000-6000 метр арасында болады. Тіпті теңіз түбінде терең-терең шұңқырлар да кездеседі. Теңіз түбі аралдардан, шұңқырлардан, үстірт-терден, төбелерден тұрады. Теңіз түбіндегі жанартаулардың атқы-лауынан түбінде біршама мине-рал қоры қалыптасады. Мысалы, Қызыл теңіздің түбінде жанартаудан пайда болған минерал қоры бар. Бұл жерде өсімдік қоректі жануарлар (ұлулар, теңіз шаяны, асшаян, балықтар) басым болады. Қатты субстраттың ішінде негізінен қосжақтаулы ұлулар тіршілік етеді. Жартасты жағалауда тіршілік ететін кейбір балықтардың, мысалы, бұзаубас балықтың құрсақ жүзбеқанаттары сорғыға айналған. Оның көмегімен балықтар теңіз дауылы кезінде сумен шайылып кетпеу үшін жартасқа жабысады. Құмтасты грунтта теңіз шаяны, ұлулар тіршілік етеді. Теңіз жұлдыздары, голотуриялар (теңіз қияры), теңіз кірпісі жəне т.б. жиі кездеседі. Лай
субстратта тіршілік ету жағдайы
басқаша, бұндағы тұнбалар органи-
калық бөлшектерге бай. Теңіз организм-дері (былқылдақденелілер, құрттар) бұл түзілімдерді ішек жолы арқылы өткізіп, олардан қоректік заттектерді алады. Лайлы субстратта ұзындығы бірнеше метр теңіз шөбі өседі.
Тынық мұхитындағы Мариана шұңғымасы – Жер шарының ең терең нүктесі (11035 м).
Мəселен, кит 2000 м-ге дейін тереңдікке сүңгиді. “Титаник” кемесі 3800 м тереңдікке батқан. Тереңдіктегі аппарат “Deepsea Challenger” 10 908 м тереңдікке түскен.
Мұхиттардың ең терең
жері қайда?
Дүниежүзіне танымал орыс кескіндемешісі, теңіз пейзажының шебері И.К.АЙВАЗОВСКИЙ (1817-1900) Қырымдағы портты қала Феодосияда дүниеге келген. Оған дүниежүзіндегі таңғажайып жерлерден ерекше əсер еткені Ыстамбұл болған. Өзі де сурет салумен айналысатын Сұлтан Абдулазиз Айвазовскийге отыздан астам сурет салуды тапсырған. Айвазовскийдің суреттерінің көп бөлігі теңізге арналған. Теңіз жайлы суреттеріндегі шеберлігімен Еуропаның көптеген өнер орталықтарына танымал болған. Атақты суретші өмірінің соңына дейін 6000-ға жақын туындыны дүниеге келтірген.