Тәуелсіздікті ту етіп…

14bet_f2316-желтоқсан Тәуелсіздік күнін жер-жердегі мектептерде салтанатты кеш жасап атап өту —  дәстүрге айналған. Ал, Алматы қаласындағы №1 Оқушылар үйінде бұл жолы Тәуелсіздік күніне арнап байқау ұйымдастырыпты. Байқауға қала аудандарындағы Оқушылар үйлері өз жүйріктерін – өнерлі оқушыларды сайлап қосып, бақтарын сынады. Қалалақ Оқушылар сарайынан «Жігер» тобы, аудандық №1 «Жас қыран», №2 «Алау», №3 «Қыран», №4 «Қыран», №5 «Жәдігер», №6 «Болашақ», №7 «Алаш орда» топтары білім-таным, айтыс, Тәуелсіздік туралы көріністер қойып, өз ара сайысқа түсті. Оқушылар әсіресе халықтық өнерге ден қойып, айтыс пен көріністерге жақсы, тыңғылықты дайындалғанын байқатты. Дегенімен, жүйріктен озар жүйрік бары рас екен. Бірінші, екінші, үшіші орындарды тиісінше қалалық Оқушылар сарайынан «Жігер», №5 «Жәдігер», №1 «Жас қыран» топтары еншілесе, Бас жүлдені жан-жақты өнерімен оқ бойы озық шыққан №3 «Қыран» тобы жеңіп алды.
Осы  орайда кешті жүргізген Әйгерім Битанова мен ұйымдастырған №1 Оқушылар үйінің директоры Ләззат Жұмабекова, әдіскерлер Сайрагүл Шағатаева, Шекер Сыздықбаевалардың еңбегін ерекше атап өткен орынды.
Өз тілшімізден.

ПІКІР ЖАЗУ