Тәуелсіздік ұлы ұғым

Тәуелсіздік ұлы ұғым. Бұл дегеніміз – жақсы өмір сүруге, ешкімге тәуелді болмауға құқығың. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы және қазынасы. Тәуелсіз ел болу әр елдің арманы деп ойлаймын. Әрбір ұлт өкіліне қымбат болған құндылық баға жетпес байлық. Шынымен де бұның ақиқат екеніне көзіміз жетеді. Ешкімге бағынышты болмау, өз ережелеріңмен жүру, қорғалатын құқығыңның болғаны қандай жақсы?! Осы Тәуелсіздігімізді қорғау елімізде тұратын барлық азаматтардың міндеті деп ойлаймын. Тәуелсіз және зайырлы елде тұрған қандай бақыт! Осы баға жетпес қазынамызды жоғалтып алмау үшін сен, мен демей, бәріміз бір ниетпен көмектесіп, қадір-қасиетін арттыруымыз керек.

 

Еліміздің өсіп келе жатқан әрбір өскелең жас ұрпағы Тәуелсіз елдің жас ұрпағы болып саналады. Себебі олар болашақта елдің қауіпсіздігі мен бостандығына жауапты. Сондықтан да басты назарды олардың тәртібі мен біліміне аудару керек. Егер де ұрпақ мәдениетті, сауатты адам болып өсетін болса, еліміздің жарқын болашағы үшін алаңдамасақ болады. Менің ойымша, Қазақстан елінің Тәуелсіздігі мен болашағы нұрлы болмақ. Мен оны былай түсіндіре аламын:
Біріншіден, елімізде өскелең ұрпақ үшін барлық жағдайлар жасалуда. Бала туып, жеке дара тұлға болғанша оған мемлекет және ата-анасы барлық жағдайды жасауға мідетті.
Екіншіден, білім алған азаматтардың көбеюі. Бала неғұрлым білімі көп болса, соншалықты дара және дарынды болып өседі. Ал білімді ұрпақ Қазақстанның Тәуелсіз болуына және Тәуелсіз болып қалуына кепіл бола алады.
Үшіншіден, әрине салт-дәстүр, ұлттық құндылық. Ар-намысы бар, салт-дәстүрді ұстанған, ұлттық құндылықтардан хабары бар адам жерде қалмайды. Ол қиын жағдайда өзіне сеніп, өзінің білім алып шығатынына толықтай сенеді. Осындай дағдыда жалғастыратын болсақ, еліміздің өркениеті артып, дамыған елдер қатарына қосылатына сенімдімін.
Қорытындылай келе, Қазақстанның болашағы жастар қолында деп айтқым келеді. Жастарға бар үміт артып, олардың жеткен жетістіктеріне қуана қарайтын күн келді. Ел болашағы – жастар. Сондықтан еліміз бүгіннен бастап жастардың тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау керек. Ең әуелі, жастар бойына рухани-адамгершілік, саяси, интеллектілік, құқықтық тәрбие болған жөн. Менің ойым осындай. Сонда ғана жас ұрпақ Қазақстанды жанындай сүйіп, көңілінде патриоттық сезім ұялайды.

Қайырғазыұлы Ерзат
Алматы облысы, Іле ауданы, Қосөзен ауылы
№14 орта мектептің 9 «а» сынып оқушысы
Жетекшісі: Н.С. Тобаева

ПІКІР ЖАЗУ