Тәуелсіздік тұғырым!

Тәуелсіздік біздің ата-бабамыздың қан мен терінің арқасында, еңбек пен қайтпас қайсар мінезінің бодауына бізге бұйырған бақ!
Біздің осы күнге жетуімізге алтын көпір болып, еңбектенген Ұлы ғұламаларымыз, зиялыларымыз, асыл аға буындарымыз. Олар болашағымыз үшін жанұшыра ұмтылып халқымыз, жастарымыз деп өтті. Бірақ, оларды атап еске ала бермейтініміз өкінішті?!..
Қазіргі заманда көпшіліктің көңілі тола бермейтін жағдай, осындай ұлық мерекенің ұмыт болып бара жатқаны. Байқауымша көп адам тәуелсіздік күнін тағы бір қосымша демалыс ретінде көріп, қаншалықты тарихи маңызы барына мән бермейді. Жаңа жылдың шыршасымен жауып тастайды. Сонда Алашордалықтар не үшін еңбектенді? Қазақтың қаймақтары кім үшін жандарын пида етті? Кенесары және одан да бөлек батырлар кім үшін қан төкті? 1986 жылы Алматыдағы көтеріліс не үшін орын алды? Ұлтты азат ету үшін неліктен күресті?… деген сұрақ туындайды. Мағжан сенген жас ұрпақ осындай жағдайға жеткені қынжылтады!
Тәуелсіздік Ұлы мейрам, Ұлы мереке! Бұндай мейрамдардың абыройлы, дәрежелі өтуі маңызды. Ата-бабаларымыздың аманат еткен байтақ жеріне қиянат жасамау біздің парызымыз! Ал, тарих шындығының сақталуы өскелең ұрпаққа тиісті тәлім беріп, тарихтың маңызын түсіндіру деп санаймын!

Нүсіпжан Ботагөз Досымқызы,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
11-сынып оқушысы

ПІКІР ЖАЗУ