Тәуелсіздік – биік шыңымыз
Қазақстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз, егемен мемлекет. Қазақстан халқы өзінің қайраты және жігерімен бүгінгі таңда жоғарғы беделге ие болып отырған мемлекет екендігі барша елге аян.
Еліміздің 1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданды. Тарихқа көз жүгіртсек, оған жету үшін ата-бабаларымыз қаншама ауыр зұлмат жылдарды басынан өткізіп, аштықтың, небір қанды соғыстардың құрбаны болды. Тәуелсіздік – тәңірдің бізге берген үлкен сыйы.
Тәуелсіздік – біздің ең бас-ты игілігіміз және баға жетпес құндылығымыз. Тәуелсіздікті алу жолында желтоқсан оқиғасының алар орны ерекше, себебі бұл оқиға қазақтың көзін ашып, рухын оятты. 1986 жыл 17 желтоқсан күні Алматыда қазақ жастары үкіметтің әкімшіл-әміршіл жүйесіне қарсылықтарын білдіріп, наразылықтарын алға тартып алаңға шыққан. Бұл желтоқсан оқиғасы Қазақстанның егеменді ел болу жолындағы май шамы болды десем қателескенім емес. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздікті алудан, оны сақтап қалу әлдеқайда қиын» деген еді. Тәуелсіздікті сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу мен сияқты жас ұрпақтың азаматтық борышы деп білемін.
Қорытындылай келе, Мәңгілік тәуелсіз ел боламыз десек, өскелең ұрпақты білімге, ғылымға құштар етуіміз қажет. Өз басым алдағы уақытта таңдаған мамандығым журналистика бойынша оқуға түсіп, оны бітірген соң елдің мұң-мұқтажын тыңдайтын рухты азамат болуға бар күш-жігерім мен білімімді жұмсаймын деп серт беремін.
Ибадуллаев Айдос,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Әлжан ана ауылы №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Жетекшісі: Кобеев О.И.