Тау тұлғасы қазақтың
Әсетқызы Кәусар,
Ақтөбе қаласы
Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның
8 «Қ» сынып оқушысы
Жетекшісі:
Қуаныш Гүлдана Мұратқызы
Дінмұхаммед Қонаев қайраткері қоғамның,
«Социалистік еңбек ері» жұрттан асқан тұлға бұл.
Бірнеше рет депутат, сайланғаны тағы бар,
Елі үшін тер төгіп, айы оңынан туған Ұл.
Таңдамалы сөздері Алматыда басылып,
Қазақ үшін бар жақсысын арнасынан асырып,
Әділетті жақтады, нақақтарды ақтады,
Жауларының алдында жасымаған басылып.
Жаны ашып қызмет етті жері үшін,
Мәдениетті дамытты, аянбады ел үшін.
Желтоқсанның тууы Қонаевпен қатысты,
Қорғап шықты қалың жас Қонаевтай жемісін.
Халық оны жақсы көрді, мақтанышпен марқайды,
Бірдей көрді оң мен солын, Атырау мен Алтайды.
Қарапайым әділ адам, жемқорлыққа бармаған,
Ақиқатшыл адал ұлын елім солай аңсайды.