Тарихи той

Әр жылдың өзіндік ерекшілігі бар. Биыл Қазақстан Ассамблеясы мен Ата Заңның 20 жылдығы, Ұлы жеңіске 70, Қазақ хандығына 550 жылдығымен ерекшеленеді. Керей мен Жәнібек қазақ халқын топтастырды. Сол үшін біз оларды мақтан тұтамыз, құрметтейміз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев — сол хандардың ізбасары. Қазақ халқын, Қазақстан Республикасын бүкіл әлемге паш етіп,танымал еткен басшы. Біз қазақ хандығының 550 жылдығын өзіміздің туған жеріміз Тараз қаласында тойладық. Бұл үлкен абырой және қуаныш. Осы мерекеге бүкіл Қазақстан халқы, әсіресе Жамбыл облысының тұрғындары қызу дайындалды. Көшелеріміз көркейді. Жаңа нысандар бой көтеріп, қаламыз жаңа заманға лайық өзгерді. Мейрам күндері қалада айтыс, көкпар, бәйге, концерт, ұлттық ойындар, қазақша күрес, тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл тарихта қалатын мереке болатынына бәрі де сенімді.
Амина ТОЙЛЫБАЙ,
Керімбай атындағы
№ 12 мектеп-гимназиясының оқушысы,
Тараз қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ