Таңғажайып Азия

Азия – Жер шарының ең үлкен бөлігі болып саналады. Көптеген елдер Азия бөлігінде орналасқан, сонымен қатар олар жайлы қызықты фактілер бар. Ал сен оларды білдің бе?

Ортақ сағат белдеуі. Қытайда тек қана бір сағат белдеуі бар, бірақ елдің ауданы 5 сағат белдеуінде жатыр. 1949 жылдағы қытай азаттық соғысынан бері қалыптасқан ортақ сағаттық белдеу халыққа бірлік пен ынтымақтықтың сезімін беру үшін екен. Мәселен, таңғы сағат 6-да Пекинде күн шығып жатса, батыс аймақтар күн сәулесін әлі 2 сағат көрмейді, сондықтан олар өзінің бейресми сағат белдеуін құрды. Бірақ Қытай билігі оны мойындамаса керек.

Халық саны. Үндістан мен Қытай – әлем халқының үштен бірі. Бұл елдердегі халық саны 2,5 миллиардты құрайды және де бұл сан жылдан-жылға өсуде.

Суару фестивалі. Тайландта Жаңа жыл 13-ші мен 15-ші сәуір аралығында тойланады. Бұл мейрам кезінде адамдар бір-біріне су, ұн және тальктан жасалған қоспаны шашады екен. Ежелгі заманнан бері келе жатқан дәстүр болса да, көңіл көтерудің жақсы түрі.

Ең биік тау. Жер бетіндегі ең биік таулар Азияда орналасқан. Гималай тауы бойымен Пәкістан, Үндістан, Бутан, Тибет, Непал секілді мемлекеттер шектеседі. Непал елінде Гималайды «Samgarmatha» деп атайды. Ол «Жер бетінің Құдайы» деген мағынаға ие.

 

Біле жүр!

Азия дүние бөлігіндегі мемлекеттер мен олардың астаналары:

Әзірбайжан (астанасы – Баку)

Бахрейн (астанасы – Манама)

Бутан (астанасы – Тхимпху)

Вьетнам  (астанасы – Ханой)

Индонезия (астанасы – Джакарта)

Камбоджа (астанасы – Пномпень)

Катар (астанасы – Доха)

Лаос (астанасы – Вьентьян)

Моңғолия (астанасы – Ұлан-Батыр)

Жапония (астанасы – Токио)

                                                     Бетті дайындағанАружан Қамшыгер

 

 

ПІКІР ЖАЗУ