«Тамғалының» таңбасы

6bet_f112Бұл жолы мен жазғы демалыста Жетісу өлкесінің шағын бөлігін алып жатқан, қойнауында қола дәуірінің сыр-тарихы тұнған  «Тамғалы тасқа» саяхаттадым. Ондағы бағзы замандағы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрімен таныс болдым. Қола дәуірінен бізге жеткен тарихи жәдігерлерді көріп, таң- тамаша  күй кештім.

Мадина, Арай, Азиза, Зубайра, Қайсар.
Көне мекенді тұрақтаған ата-бабаларымыз тасқа өздері жайлы 5 мыңдай мәлімет қалдырып, неше түрлі таңбалар салып кеткен екен. Жартастарға қарап, онда бейнеленген суреттерден көне тайпалардың  өз кезінде аң шаруашылығымен айналысқанын  көреміз. Тастарда  адамдардың киікті, бұғыны аулап жүрген іздері қалған. Аралай берсең, осындай әр тастың бетінде қалған суреттерді көресің.
Қазақ халқында  жаңбыр шақыру үшін «тасаттық» беру салты бар. Бұл ырым қола дәуірінен бастау алса керек. Тастағы таңбалардың бірінде күн күркіретушінің тасаттық беріп тұрғанын  да көрдік.  «Тамғалыдан» табылған дүниелердің басым бөлігі Қазақстанның орталық-ұлттық мұражайына қойылған. Қолда бар экспонаттар «Тамғалы» мемлекеттік және тарихи-мәдени, табиғи қорық мұражайына топтастырылған. Таңбалы жартастар шоғырланған аумақ мемлекеттің қарауына алынған.
Әзиза  Арманқызы,
Абай атындағы дарынды балалар мектебі. Алматы.
(Суреттерді түсірген автор.)

6bet_f4-copy

Қола дәуірінен қалған       Күн құдайы «АМАН-РА».     Тастағы бұғының бейнесі.
саздан жасалған ыдыс.

ПІКІР ЖАЗУ