Талшыбық

Ертеде бір бай өмір сүріпті. Бір күні ол талшыбық тауып алып, оны бақшасына отырғызып қояды. Қызметшісіне:
— Жақсылап қарап жүр, балалар сындырып тастамасын, — дейді.
Қызметші жазу столын аулаға шығарып қойып, қағаздарын қарап әрі талшыбыққа да көз қырын салып қояды. Осылайша арада жеті күн өтеді. Бай да келеді. Талшыбықтың орнында тұрғанын көріп, қызметшісіне:
— Жарайсың, қырағы күзетіпсің! – дейді. – Менің жалғыз қорқатыным түнде біреу бақшаға келмесе!
…Ал түн болса тастай қараңғы ғой. Сонда қызметші мақтанып тұрып былай дейді:
— Мен ол жағын да ойластырып қойдым. Түнде күзетіп не қыламын. Қа-раңғы түскенде талшыбықты жәшікке салып қоямын.
Серік НҰРАСЫЛ.
Тараз қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ