Талантты бала Асылхан

Асылхан 7 жаста, сурет салғанды өте жақсы көреді. Ұстазы сурет пәнінің мұғалімі Ленжан Дина Рахымжанқызы.
Сондай-ақ Асылхан спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Іле ауданы, Өтеген батыр кенті , «Rangers» спорттық кешенінде футбол ойнайды.
«Талант» өнер орталығына қатысып, қолөнер мен суреттен бас жүлде, І орын иегері атанып жүрген талантты бала. 27 мамыр 2025 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласына барып бағын сынауға жолдама алды. Таяуда ұлымен сол жаққа барып келген анасы Меруерт Ерболқызы: « Асылхан Ташкенттен де Гран при жеңіп алды. Енді ол Туркия елінің Стамбул қаласына баруға жолдама алды. Біз бұл жеңіске өте қуаныштымыз!» дейді қуанып.
Талантты бала Асылханға «Талабыңа нұр жаусын, әркез қылқаламыңнан ешкімге ұқсамайтын тосын да тың дүниелер туа берсін!» демекпіз.
Артықбай Асылхан Гайратұлы
Талғар ауданы, Еркін ауылы
26 — жалпы білім беретін орта мектептің 3 Ғ сынып оқушысы
Шаргүл Қасымханқызы