Табиғатты аялайық

«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» деген жақсы сөз бар қазақта. Баланы көкке көтеріп, төрге шығарып әрқашан ерекше құрметтеген сол бабаларымыз, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»- деген Әбу-Насыр Әл Фараби. Біздер балаларды мектепке дейінгі жаста іргетасын қалай мықты етіп қаласақ, болашақта сол мықты қаланған іргетастан өз орнын таба білетін, тәрбиелі де білімді тұлға болып қалыптасары сөзсіз.
2022 жылды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялады.
Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырмалар берілген еді.


Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен бірге сапалы өмір сүруіне көңіл бөлген де жөн.
Балаларымыздың қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ететін, жақсы тәрбие алуына мүмкіндік беретін көптеген іс-шараларды жүргізу біздің міндетіміз.
Осы міндетті біз Алматы қаласының, Алатау ауданына қарасты МКҚК №4 бөбекжай-балабақшасы «Табиғат – бәрімізге ортақ қазына», «Табиғатты аялайық» атты, ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткіздік.
Ондағы біздің басты мақсатымыз: Балаларды айналадағы әлемді қабылдауға, табиғатты сезінуге және түсінуге, оны қадірлеуге, табиғатты аялауға үйрету.
Табиғат – бәрімізге ортақ қазына, оны әсіресе жас ұрпақ сүйіп, бағалап өсуі керек. Сол себепті «Ауланы көгалдандыру» жобасы бойынша біздің балабақшада гүл отырғызу, зерттеу жұмыстары әрдайым жүргізіледі. Болашағымыз жарқын болу үшін бүгінгі бүлдіршіндерге жақсы тәлім-тәрбие беруден бастауымыз қажет. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі болашақ!

Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты
№4 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі Бахтиева Айнур Юсуповна

ПІКІР ЖАЗУ