Сыныптастар ойнайық (желілес өлеңдер)

Дәулетбек Қаңбақов 1942-жылы туған, ақын, жазушы, фольклорист, зерттеуші. Мәдениет саласында табанаудармай 45 жыл қызмет еткен. Ел ішіндегі тарихи, әдеби, мәдени мұраларды жинап, он неше кітап құрастырған. Поэзиялық және прозалық 20 дан аса кітабы жарық көрген. «Қазақ ханы Абылай» романы, «Дауылдар толқыны» атты тетрологияның авторы. Ол балалар тақырыбынада қалам тартып келе жатқан жазушы. Алматы қаласында тұрады. Назарларыңызға қазақ балаларының ұлттық ойындары туралы топтама өлеңдерін ұсынамыз.

 

Әлпеншек

Үш пен бестің арасында,
Жіп байлатып анашыма.
Әлпеншекті тепкеміз көп,
Оны қызық еткеміз кеп.

Арқалығын қоралардың,
Жіп тұйықтап орап алдым.
Ағаларым, тәтелерім,
Әлпеншекпен мәпеледің.

Нұр

Зырылдауық, зырылдауық,
Жарыстырдық зырыл қағып.
Қағып бишік үйіріледі,
Үйіріледі, иіріледі.

Ұшқырлығы бұлдырықтай,
Үшкір басы қылдырықтай.
Үйіреміз жарыстырып,
Аралықтар алыс-жуық.

 

Қар адам

Домалатып ақшақарды,
Ата жасап ақ сақалды.
Ана жасап ақ самайлы,
Ұқсатуды бап санайды.

Біздің сынып балалары,
Мұны да бір бағалады.
Мен жасаған қардан адам,
Демейді ешкім жалған адам.

Әшекей

Әшекей мен шөшекей деп,
Қызықты ойын осы екен деп,
Ойын үшін топталамыз,
Аула толы көп баламыз.

Алқа дайын шұбатылып,
Қалмаймыз да сірә тынып.
Ұстап ал деп, шарт қып ізгі,
Ұстатпаймыз артқымызды.

Сырғанақ

Отыз бала, қырық бала,
Сырғанайммыз мініп шана.
Шанамыз ат, тізгін тағып,
Жөнелеміз жұлдызша ағып.

Екпіндіміз еседі жел,
Нешеу жылап, нешеу күлер.
Жазық таған үйірілеміз,
Дуылдасып, иірілеміз.

Мұз айдын
Мұз айдынға жүр балалар,
Бәсекемен сырғанап ал.
Секілді мұз асыл айна,
Ойнап көңіл тасымай ма?!

Ай жүзіндей айдыны кең,
Күн щуағын жайды білем.
Сабақтаспыз балалар көп,
Онда асыр салады ау кеп.

Жарыста
Секунд санап жүз метрде,
Кейде бес жүз, мың метрде.
Жарысамыз көмбе қойып,
Төрешіні төрге қойып.

Алып бәйге озғанымыз,
Жанды дейміз өз бағымыз.
Сабақтастар сапары ұзақ,
Жүлде алады қатар ұзап.

Батпырауық
Ақ ұшақты аспандатып,
Аспан жолын ашқанда тік.
Толқын жара гуілдейді,
Көкте биік дүрілдейді.

Мотор жібі қолымызда,
Икем тартып жолымызға.
Шегіп сапар құс жолына,
Шеберліктің түс жолына.

Ән жарысы
Қыздар, ұлдар, сабақтастар,
Дейміз бірін қалап басқар.
Ән шырқайды әншіміз бар,
Әнші ұл бар, әнші қыз бар.

Ербол тақпақ айтады да,
Мұрат қобыз тартады да.
Комедия ойнап Бақыт,
Күлеміз кеп сілем қатып.

Ақ кептер
Бейбітшілік баламасы,
Делінетін ғаламаты.
Ақ кептерді, көк кептерді,
Ұшырамыз көп кептерді.

Көкті тіреп құйғытады,
Жерді, бізді шұлғытады.
Өнерлерін салыстырып,
Бағалаймыз қалыс тұрып.

Ақсүйек
Айлы түннің аясында,
Ашық аспан даласында.
Ақ сүйекті лақтырып,
Жарысамыз жырақ тұрып.

Қашады алып бұрын тапқан,
Таласамыз тұс-тұс жақтан.
Әкелгенді көмбеге озып,
Шықты дейміз өрден озып.

Футбол
Алаңы кең мектебіміз,
Футбол біздің тепкеніміз.
Әдістейміз қағып өтіп,
Қақпайлардан ағып өтіп.

Варотаға төнеді кеп,
Әр екі жақ келеді үдеп.
Варотадан өтсе шулап,
Жүгіреміз кенет зулап.

Шаңғы
Сабақтастар шаңғышылар,
Кәне кімнің шаңғысы бар?
Кетем зулап кел жарысқа,
Мен озғанда сен қалыспа.

Ақ таспадай тіліп қарды,
Жарып өтіп, шілік талды.
Шаңғымызбен шарықтаймыз,
Қалықтаймыз, талықпаймыз.

Соқыртеке
Таңып көзін бір баланың,
Ішіне әкеп жүз баланың.
Ұста дейміз түртіп қашып,
Шыр айнала іркіп қашып.

Аяқ қолы әлтек-тәлтек,
Ұстай алмай бірін дәлдеп.
Қуалайды таңып көзін,
Шалқып ұшып шабыт сезім.

Тақия тастау
Отырамыз қораланып,
Шеңбер жасап орап алып.
Тақия алып кім айналса,
Шыр айналса, бір айналса.

Ережелі шартымызда,
Қарамаймыз артымызға.
Тастағаны сезсе қуып,
Сезбей қалса қашар тұрып.

Ортеке
Ортекеміз ағаш ойма,
Кім біледі таласа ойна.
Домбыраның күйіменен,
Сәйкес шыққан биіменен.

Үстел үстін етіп майдан,
Шыққан оқып, жетіп қайдан?
Шеберлігі биге ерек,
Күлдіреді күйге бөлеп.

Теледидар
Көрдік кеште теледидар,
Мұнда қызық нелер жыр бар.
Ойнай жүріп сабақтастар,
Талпынамыз талапқа асқар.

Біз ойнаған көп ойындар,
Демей қыздар, демей ұлдар.
Теледидар бетінде жүр,
Шалғай елге жетіп небір.
чЕртек айту

Басталады ертек айту,
Жаңылтпашты тентек айту.
Қызық сөйлеп күлдіреміз,
Күлдіреміз, бүлдіреміз.

Жұмбақ айтып, табысамыз,
Ымдап айтып қағысамыз.
Айтысамыз жаталық деп,
Қылды қылға маталық деп.

ПІКІР ЖАЗУ