Сыбайлас жемқорлық – балалар көзімен

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отыр. Оның алдын алу, жемқорлықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында балабақша, мектептерде «Жемқорлыққа жол жоқ» апталықтар өтеді. Бүгінгі күні өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы педагогтарды адал жолмен жүруге, адалдықты ұстануға бағыттау маңызды.
Еліміздің мектептерінде балалардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін қалыптастыру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, сонымен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі өткізілуде. Жуырда Қарағанды қаласы»№8 жалпы білім беретін орта мектебінде балалар мен жасөспірімдерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге бағытталған «Жемқорлық балалар көзімен» атты сурет байқауы өтті. Бұл байқау балалардың адалдық, әділдік, тазалық сияқты құндылықтарды түсінуіне көмектеседі және олардың көзқарасын көркем шығармашылық арқылы білдіруге мүмкіндік береді. Байқаудың мақсаты жастарға адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мұндай байқаулар балаларда сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның қоғамға қалай әсер ететінін және онымен күресу неге өте маңызды екенін түсінуде маңызды рөл атқарады. Балалар өздерінің суреттері арқылы проблемаға деген көзқарастарын білдіре алады, оның жағымсыз салдарын баса көрсетеді және жағдайды жақсарту үшін өз идеяларын ұсына алады. Мысалы, бір бала сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кері әсерін көрсету үшін ашық түстер мен формаларды таңдаса, екінші бірі күнделікті өміріндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты нақты жағдайларды көрсету үшін шынайы стиль мен егжей-тегжейлерді қолданды.
Байқауға мұндай көзқарас балалардың шығармашылық және көркемдік қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, олардың күрделі әлеуметтік құбылыстарды талдау қабілетін көрсетеді. Осындай шара абай облысы, Жарма ауданы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінде де өтті. «Сыбайлас жемқорлық – балалар көзімен» тақырыбындағы сурет көрмесі бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихатта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жас жеткіншектерге парасататтылық, адалдық, әділдік, сенім, «ар-ұждан» құндылықтарын барынша насихаттау заман талабы. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, одан туындайтын салдар туралы тұрақты қаупін есте сақтау, және адам ретіндегі беделге қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықты болдырмауға себеп болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, жастарға құқықтық мағлұмат беру жүйелі жүзеге асырылуы қажет.
Еліміздің барлық білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, «Жемқорлық» ұғымының мәнін ашып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы; білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат толықтырылып отырғаны абзал. Жазғы демалыс – шығармашылық пен білім беру іс-шаралары үшін тамаша уақыт.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім басқармасымен бірлесіп жазғы демалыс кезінде оқушылар арасында «Жемқорлық балалардың көзімен» тақырыбында сурет байқауларын өткізеді. Бұл да балалар үшін керемет бастама. Сонымен қатар «Адал жол – Честный путь» тақырыбында дәрістер, бейнероликтер көрсету арқылы жемқорлықтың алдын алу шаралары қолға алынуда. «Сыбайлас жемқорлыққа» қатысты заң бойынша түсіндірме жұмысы да жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оған қарсы тұру үшін заңды білу қажеттігі де айтылды. Ата-аналармен «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты пікірталас ұйымдастырудың да маңызы зор. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сауалнамалар да жүргізіп халықтың пікірін біліп отыру маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, Атап айтқанда, жастар арасында, уәкілетті органның да, қоғамның да басты міндеті болып табылады. Балалармен ұйымдастырылған іс шараларда балаларға сыбайлас жемқорлық туралы жалпы ақпарат беріп қана қоймай, салдары мен алдын-алу жолдарын да қарастырып отыру маңызды.
Ә.Қабиденұлы