Судың ағзаға пайдасы

Адам денсаулығын дәрі-дәрмектің көмегінсіз-ақ жақсартуға болады. Біз күнделікті пайдаланатын кофе, газды, газдалмаған тәтті сусындардың орнына табиғи таза суды ішсек ағзамызды отыз күннің ішінде-ақ қалыпқа келтіруге болады. Ұйқыдан тұрғанда 1-1,5 стақан су ішіңіз. Тамақтанардан 1 сағат бұрын және тамақтанғаннан кейін 2 сағат өткен соң 1 стақаннан, ал ұйықтар алдында 0,5-1 стақан су ішіп жатуға болады. Су ішудің мөлшерін кешке қарай азайтқан жөн. Күніне 2-2,5 литр суды 8 стақаннан бөліп таңңертеңнен кешке дейін ішіп отырсаңыз төмендегідей нәтижелерге қол жеткізесіз:

1. Шығармашылық және ойлау қабілетіңіз артады
Мидың 75-85 пайызы судан тұрғандықтан, су балансын сақтап отыру миыңыздың жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Зейініңіз артып, ойлау қабілетіңіз тез және шапшаң болады. Сергек жүресіз.
2. Иммунитетті арттырады
Су ағзаның тиімді функцияларын жаңартатын катализатор. Судың дұрыс мөлшерде пайдаланылуы – бауырыңыз бен бүйрегіңіздің жұмысын жақсартып, қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі. Осы мүшелеріңіз қандағы улы заттарды, қалдықтар мен тұздарды кетіруге жауапты. Су бүйректегі тұзды тазалайды. Бас ауруы және басқа ауруларға қарсы тұра аласыз.
3. Аз тамақтанасыз.
Ағзаға су жеткілікті мөлшерде барғандықтан тамаққа деген тәбетті төмендетеді.Су ағзадағы керексіз қалдықтардың тез шығуына көмектеседі. Тамақты мөлшермен жеу – артық салмақтан арылуға көмектеседі.
4. Жүрегіңіз мықтырақ болады
Қан сұйыла түскендіктен қан қысымы төмендеп, жүрек талмасының қаупі сейіледі. Ұйықтар алдында бір стақан су ішіп жатсаңыз, жүрек талмасы мен инсульттің алдын алуға көмектеседі.
5. Сүйектер қатая түседі
Су сіңірді қалпына келтіруге көмектеседі, осының арқасында буындарыңыз баппен қимылдап, нәтижесінде буындарға түскен салмақтың әсерінен болған зақымдар азая түседі.
6. Ерте қартаюдың алдын алады.
Су ағзада жеткілікті мөлшерде болса, теріңіз ылғалдылығын сақтап, бетіңізде әжімдердің пайда болуының алдын алады. Бет терісі тазарып, жұмсарады.
7. Зат алмасу үрдісін жақсартады
Таңертең тұрған соң, жарты литр су ішсеңіз, зат алмасу үрдісі 24%-ға артады. Бұл ағзадағы химиялық реакциялардың дұрыс жүруіне септігін тигізеді. Ол үшін таңғы астан бұрын 1 стақан су ішуді ұмытпаңыз.
8. Дәрі-дәрмекті қажет етпейсіз.
Су – түрлі аурулардың алдын алуға бірден бір көмек. Ішек жолдарының жұмысын, бүйрек, қан қысымы, несеп жолдарының ауруларына жол бермейді. Химиялық қоспасы көп дәрілерге қарағанда, таза суды ішіп емделгеннің пайдасы көп.

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ