Суда жүзе білесің бе?

Суда жүзе білу — өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан бері суда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқуды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады. Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға батып жатса, оны құтқара да біледі. Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді.
Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді. Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысын дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.
Қыстыгүні бассейнге түсуден қорықпау керек. Себебі қыста судың температурасы 26-29 градус жылы болады. Бала бассейнге қыста шомылып үйренсе, денесі шынығып, келешекте көп ауырмайтын болады.
Шомылу барысында мына ережелерді назарыңызда ұстаңыз: Жағалауға жете салысымен суға қойып кетуге болмайды. Температураның күрт өзгеруі буындардың тартылуына апарып соқтырады. Киіміңізге түйрегіш түйреп жүріңіз, аяқ астынан денеңіз тырыса бастағанда түйрегіштің бас жағын денеге түйреу керек. Ағзаңызға жаңа ортаға үйренісу үшін 15 минут уақыт беріңіз. Сонан кейін еш кедергісіз шомылуыңызға болады. 23 градустан төмен емес суға шомылуға тырысып бағыңыз. Саяхаттың алғашқы күнінде бірнеше рет суға түскен дұрыс емес. Өзіңізге таныс емес жерлерге сүңгімеңіз. Тастардан немесе бұталардан жарақат алып қаласыз. Осы жағдай жыл сайын ескертілгенімен, жаз мезгілінде суға кететіндердің көпшілігінің қателігі.
Салқын тию — шомылу кезіндегі кең таралған қолайсыз проблема. Бұл жайлы, әсіресе, буын ауруларымен ауыратын немесе тұмауға жиі шалдығатын адамдардың ойлануы керек. Себебі, теңіз суы қарапайым өзен суына қарағанда, тұщы, денені тез салқындатқыш келеді. Су ішінде белсенді қимылдау керек. Жағалауға шыққаннан кейін әбден сүлгімен сүртініп, құрғақ киім ауыстырыңыз.
Көп уақыт тұрып қалған тұщы су қоймаларына шомылғанда абай болыңыз. Қаздар, үйректер, шағалалар жүзіп жүрген жерден қауіпті инфекция жұқтырып алуыңыз ғажап емес. Ең кең таралған инфекция — ішек таяқтары және церкариоз (кишечная палочка).
Тамақ пен шомылудың арасы бір сағат болуы керек. Тамаққа тойып, суға секіруге немесе судан шығып тамаққа отыруға болмайды. Жаз мезгілінде армансыз шомылу сіздің жаныңызды жадыратса да, теріңіз үшін аса жақсы емес. Бір жағынан, теріні сумен дымқылдатып тұрған дұрыс. Екінші жағынан, су теріңізге тосын сыйлар жасауы әбден мүмкін (лас су, тұз, хлор). Сондықтан да, әрбір шомылған сайын денені таза тұщы сумен ысқылап немесе таза душ қабылдаңыз, тамағыңызды, аузыңызды шайыңыз. Онан соң арнайы лосьондарды немесе нәрлендіретін кремдерді пайдаланыңыз. Сіз асыға күткен шомылу маусымы қуаныш сыйлап, естен кетпес тәтті сәттерді сыйласын! Әрдайым ұқыпты және абай болыңыз!

Жүзуден жаттықтырушының кеңесі

Жаттықтырушы — Мария Гаврилова

— Балаларды жүзу мектебіне қанша жастан бастап берген жөн?
— Ең тиімді жас – 7-9. Бұл жас классикалық жүзу техникасын үйрену үшін ең ыңғайлы. Сабақ үйретушілермен бірге терең бассейнде өтеді. Ал 4-6 жастағы балалар да жүзуді үйренуге болады. Бірақ сабақтар таяз бассейнде өтеді. Балалар жүзудің ең оңай әдістерімен танысады. 1-3 жастағы балалар отбасылық топқа қатыса алады. Бұл топта ата-аналармен бірге жүзуді үйренеді.
— Балалар үшін ең үлкен пайдасы неде?
— Ең бастысы, менің ойымша, жүзудің балалардың дем алуға жайлы ықпалы. Әрине, жүзу жалпы денсаулығына пайдалы, бірақ дұрыс дем алуды нығайту үшін барлық спорт түрлерінен мен суда жүзуді ең пайдалы деп санаймын.
— Бассейнді таңдағанда неге қарау керек?
— Балалар үшін бассейн арнайы күндері ашық болу керек. Яғни балалар мен жаттығушылардан басқа адамдар бассейнде болмау керек. Бассейндегі судың температурасы 23-28 градус болу керек. Және суды зарарсыздандыру өте маңызды. Оны бассейннің жұмысшыларынан сұрау керек. 7-14 жастағы балаларға арналған бассейнде әрбір 2 сағатта, ал 7-ге дейінгі балалардың бассейнінде әрбір 30 минутта су алмасуы болу тиіс.

Сұхбаттасқан: Т.Ибрагимова

stud.kz, massaget.kz сайттарынан алынды

ПІКІР ЖАЗУ