СӨЗ ҚҰДІРЕТІ
IX «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауынан жүлдемен оралдық!!! Қостанай облысы Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында IX облыстық «Сөз құдіреті» атты мәнерлеп оқу байқауы сайысы өтті. Байқау шарты бойынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) авторлары шығармаларынан қатысушыларға мектеп бағдарламасына кірмейтінөздері таңдап алған прозадан үзіндіні қазақ және орыс тілінде орындау ұсынылған болатын. Облыстық кітапхананың ұсынуымен жеребе бойынша Амангелді ауданына Қазақстан авторларының прозалық шығармаларының үзіндісін орындау ұсынылды.
Байқау мақсаты — қазақстандық авторлардың шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту. Алдымен Амангелді аудандық балалар кітапханасы ІХ аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына іріктеу өткізді. Осы сайысқа Амангелді ауданының 3 мектебі және ауылдық округтердің мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынады.
Әділ қазылар алқасы мүшелері байқаудың талабы бойынша, қатысушылардың таңдап алған шығармаларына, мазмұнына, оқу мәнеріне, сөздің анық болуына, актерлық шеберлігіне, сандай-ақ, сыртқы келбеті мен сахна мәдениетіне мән беріп, тиісті бағаларын қойып, бас жүлдені Амантоғай ауылдық кітапханашысы Қойжігітова Айнұрдың жетекшілігімен Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Қалмағанбетова Алтынай бас жүлдені иеленіп, сәуір айында болатын ІХ облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына жолдама алған болатын. Міне, бүгін Алтынай облыс денгейінде өткен байқауда Шәкен Күмісбайұлының «Чемпион, кітапхана және мен» прозасын нақышына келтіре оқып, өз шеберлігін жақсы корсетіп екінші орынды иеленді.
Алтынай рухани өрең қашанда биік болғай! Талабыңа нұр жаусын! Жүлде құтты болсын!!!
Ақдаулетова Шынар, Қостанай облысы
Амангелді аудандық орталық кітапханасының
кітапханашысы