Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлері
Елімізде жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы әлемнің алыс және жақын шетелдерге де архив деректерін жинақтауға ғалымдар мен архив қызметкерлері арнайы іссапарларға барды. Нәтижесінде Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер әкелінді. Яғни, бұрын белгісіз болып келген архив деректері елімізге жеткізілді. Мұндай материалдардың елге әкелінуі үлкен жетістік. Қазіргі уақытта бұл деректерді ғалымдар, тарихшылар еңбектер жазуға пайдалануда.
1. Қожаберген жырау мазары 2001 жылдың жазында Толыбай сыншы әулетінің зиратында салынды. Кесене заманауи сәулет стиліне сәйкес қызыл кірпіштен жасалды. Кесене – тарихи-мәдени мұра ескерткіші қатарына саналады. 2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысанына енді. Қожаберген жырау, Тойлыбайұлы Қожаберген (1663 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка селосына жақын Богдановка ауылының маңындағы Гүлтөбе-Мамай қонысында туды, 1762 жылы сол жерде қайтыс болды) – ақын, батыр, жырау, қолбасшы, мемлекеттік қайраткер. Қожаберген қазақ дегдарлар отбасында өсіп, тәрбиеленді. Қожаберген Самарқанд, Ургенч, Бухара медреселерінде терең білім алды, көне түркі, араб, парсы тілдерін үйренді, Шығыстың ғылыми және әдеби жауһарларын оқыды. Қожаберген жырау 1723 жылы жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жасаған аласапран уақытты, елінің мұң-зарын атақты «Елім-ай» әнімен тарихта мәңгі қалдырды. Кейін «Елім-ай» дастаны дүниеге келді. Бұл шығарма 7 бөлімнен тұрады, бізге тек 4-ші бөлімі ғана жетті. Қожаберген жыраудың өмірі мен қызметінің белгілі бір бөлігі Тәуке хан есімімен байланысты, Тәуке хан мемлекет құрылымының негізгі принциптерін айқындаған «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарған. Осы заңдар жинағы авторларының бірі Қожаберген жырау болатын.
2. 2011 жылы Құлсары батыр мазары ашылды. 2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысанына енді. Мазар Ақтаудан әкелінген ақтастардан өрілген. Құлсары батыр (1715-1776) – Абылай ханның серіктерінің бірі. Ол Қазақстанның солтүстігінде туып, осы өңірде жерленген. Құлсары батыр әулие болған адам. Құлсары қазақ руларының арасындағы бірлігі мен бейбітшілігі үшін күрескен. Ел аузындағы аңыз бойынша, ол алдын ала болатын қауіп-қатерлерді сезетін, сырқаттарды емдейтін қабілеті болған. Бүгінде дендеріне шипа іздеген жандар еліміздің түкпір-түкпірінен келіп, әулиенің басына қонып, Алладан жандарына медет тілейді. Мазар тарихи-мәдени мұра ескерткіші болып саналады. Құлсары батырдың бүкіл ғұмырнамасы Абылай ханмен тығыз байланысты. Ол өмір бойы Абылайдың сенімді серігі, кеңесшісі ретінде Ресей үкіметімен қарым-қатынастарда ханның тапсырмаларын орындаған. ХVIII ғасырдағы құжаттарда Құлсарының есімі ықпалды старшын және мемлекет қайраткері ретінде аталды. Ол шекаралас мемлекеттерімен тату көршілік қатынастарын орнатуға қолдаушы болды. Осы ретте оның есімі алдымен 1739 жылғы құжаттарда ұшырасады. Ол сол жылы Әбілмәмбеттің ақ киізге отырып, хан сайлану салтанатына қатысқан. Ел аузындағы аңыздар бізге Құлсары батырдың дарыңды ұйымдастырушы және ержүрек жауынгер екенін жеткізді.
3. Ботай қонысы – (б.д.д 3-4 мыңжылдықтар) энеолит дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстан ескерткіштерін зерттеу материалдары негізінде профессор В.Ф. Зайберт бөліп қараған археологиялық мәдениет. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Олардың зерттеуі бойынша 5600 жыл бұрын адамдар тас және мыс ғасырлар тоғысында тұрған кезде қазақтардың ата-бабалары жылқы өсіргенін растады. Ал Американдық ғалымдар мен британдық университеттің ғалымдары бұл жерден алғашқы жамбастардың үлгілерін тапты. Енді олар Ботайда адамдар алғаш рет атқа мінуді үйренді деп санайды. Сонымен қатар, британдықтар ежелгі пиалалардан бие сүтінің іздерін тапты. Ботайлықтардың өндірістік-шаруашылық қызметі туралы ондаған мың тұрмыстық заттар, еңбек құралдары мағлұмат береді. Оның ішінде еңбек құралдары, қару, ыдыс, әшекейлер бар. Тұрмыстық құралдар түрлеріне жататындар: қырғышатар, пышақтар, керамика, ретуштер, ұрғыштар, жебе мен найза ұштары, сүйектен жасалған нәрселер. Ең көп табылған және кеңінен таралған кремнийден жасалған бұйымдар болып есептеледі. Тек Ботай қонысында 10 мыңнан астам керамика фрагменттері табылды. Ботайлықтардың үй шаруашылығында сүйек өңдеу ісі дамыған. Энеолиттік тұрақ дөңгелек немесе көп қырлы нысанды, ауданы 30-дан 70 шаршы метр болатын жартылай жөртөле түрінде кездеседі, қазылған шұңқырдың тереңдігі 60-80 см. Оның қабырғалары саз балшыққа сүйек араластырып сыланған: қабырғасының биіктігі 80 см келеді. Оның жоғары жағында бөренелерден шатыр салынған. Жалпы алғанда Ботай тұрағы «шошалаға» ұқсайды, бірақ жерге қазып салынған. Тұрақтар топтанып салынған, әрі көбіне бір-бірімен жалғасып жатады, бөлмелердің арасында өтетін жер болған. Ботай мәдениетінде қабірлер тек Ботай қонысында ғана кездеседі, олар негізінен өз мақсатында пайданылмайтын тұрғынжайларда орналасқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
4. Ақан сері мазары 1993 жылы 150 жылдығына орай салынған. Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы СҚО Айыртау ауданы бұрынғы Кеңашы ауылы қазіргі Ақан ауылы – 1913 жылы сол жерде) – халық ақыны, әнші, композитор. Ауыл молдасынан білім алып, 13 жасында Петропавлдағы медресеге білім алуға барады, бірақ оқуын аяқтамайды. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім «сері» атанған. Ақан серінің айналасында ауылдан ауылға ауысып, қойылымды ұйымдастырған талантты жастар жиналды. Әкесі оған Құлагер атты жүйрігін, Базарала итін, Қараторғай деп аталатын бүркіт пен Көкжендет аң аулайтын қаршығасын сатып алуға көмектеседі. Ақан сері Петропавл қаласында жәрмеңкелердің жиі қонағы болып, қала саябағында ұйымдастырылған айтыстарға қатысты. Өзінің тәлімгері Біржан салмен кездесті. Петропавл циркінде аттары шыққан Балуан Шолақ және Қажы Мұқанның күрес сайысындағы өнер көрсету рәсімін ашқан. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан сері музыка-поэтикалық мол мұра қалдырған. Оның «Еркем», «Ай көк», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Ақан серінің «Сырымбет», «Мақпал», «Қаранар», «Перизат», «Аужар» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Жауыздықпен Құлагердің өлген жерінде Ақан еңіреп, егіліп жылап, сардаланы күңірентіп зарын айтып, бір күн, бір түн жатады. «Құлагер» жырын шығарады. Ақындығымен қатар, атақты аңшы да болған. Ақан серінің атағы қазақ даласына тез тарады. Бірде жас Ақан кіші жүздің ауылдарына аттанады. Ақан ару Ақтоқтыны кездестіріпғ ғашық болады. Бірақ дала заңы бойынша Ақтоты байдың баласына атастырылған қалыңдық еді. Ақан біркудің қалыңдығы екеніне қарамай, Ақтотыны алып қашпақ болады. Бірақ ата-баба салты, қазақ дәстүрі бойынша Ақтоты атастырылған адамына күйеуге швғады. Ақан сері Ақтотыға арнап «Желдірме» ғашықтық ғазалын жазады. Ақын сері өмірі Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» хиқаятының негізі болып, кейін «Ақынның трагедиясы» пьесасына қайта жазылып, қазақ театрлары репертуарларынан ойып орын алды. 1993 жылы ақынның 150 жылына арнап Қоскөл атты көлдің жағасында жаңа заманауи Ақан сері ауылы және мемориалдық кешен-ескерткіш салынды. 2010 жылы Шортанды ауданында, астанадан алыс емес жерде ақынның атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш орнатылды.
5. Уәлиханов тектілік мекені Айғаным ханымға (Ш. Уәлихановтың әжесі) арналып салынды. 2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысанына енді. Уәлиханов тектілік мекені – 19 ғасырдың ағаш сәулет ескерткіші, тарихи-мәдени мұра объектісі. Құрылымы, жоспарлануы және орналастырылуы бойынша XIX ғасырдағы орыс асыл қазынасына ұқсайды. Революциядан кейін мекен іс жүзінде қараусыз қалған, ескірген, бұзылған және бөлшектенген. Ш. Уәлихановтың қарындашпен салынған мекеннің суреті сақталған еді. Суретте: тұрғын үй үш қосалқы үймен және 1814 жылы салынған мешіт, медресе, диірмен және 1835 жылға дейін салынған басқа да шаруашылық құрылыстар бейнеленген. 1977 жылы жер учаскесіне топографиялық зерттеу жүргізілді, ғимараттардың іргетасы анықталды, Сырымбет кенішіндегі деректер жиналды. 1985 жылы Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығына орай мекен қайтадан қалпына келтірілді. Уәлихановтар мекені байбатша қонақ үйінен, мектеп, мешіт, дейірмен, тұрғын үй қызметшілері, монша және шаруашылық құрылыстардан тұрады. Алаңы – 4030 ш.м. 1993 жылы кешен Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайына қосылған. 2008-2010 жылдары қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнде музей топтамасында 6900 экспонат бар.
6. Байқара қорымы 2017 жылы Қазақстанның өңірлік қасиетті нысанына енді.
Алғаш рет 1956 жылы К.А. Ақышевтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жасағы зерттеді. Кейінгі жылдары бірнеше рет археолог В. Зайберт пен А. Плешаковтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының барлау жасағы ескерткішке қайта инспекциялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1996 жылы қазба жұмысы мүлдем күтпеген нәтижелер әкелді. Қорған жерлеу орны емес, скиф кезіндегі мәдени ғимарат, храм болған екен. Тас, шым кесегі, ағаш пен балшық сияқты әртүрлі материалдардан б.э.д. 5 ғасырда көтерілген күрделі архитектуралық ғимарат болды. Ескерткіш қола дәуірі, ерте темір ғасыры, ерте және кеш орта ғасыры кезіндегі Солтүстік Қазақстан тайпаларының материалдық және рухани мәдениетін сипаттайды.
Орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы.
7. Ақ Ирий қалашығы Ақ Ирий – иран тілінен аударғанда «Ақ жұмақ» деген мағынаны білдіреді. 2017 жылы Қазақстанның өңірлік қасиетті нысанына енді. Ақ Ирий ескі қаласы б.з. дейінгі V ғасырға жатады, бұл сақ дәуірі болып табылады, көне елді мекен дала және орман тұрғындары арасында өзіндік алдыңғы бекініс ретінде қызмет етті. Маңызды құрылыстарға қорғау шұңқырларын, дуалдарды, басқа да фортификациялық құрылыстарды жатқызуға болады. Бекіністі қаланың ішінен ғалымдар үйлерді, ұста шеберханалары мен керамика дайындау өндірісінің қалдықтарын тапты. Қазба жұмыстары кезінде Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан ескерткіш алаңы егжей-тегжейлі зерттелген. Ескі қала екі жағынан да адам аяғы аспас қорғаныстық құрылымдармен бөлінген биік үшбұрышты мүйісте орналасқан. Қазіргі беткі қабатында биіктіктігі бір метрге дейін жететін қорған дуалы мен тереңдігі шамамен бір метрге жуық қорғаныс шұңқыры толық бейнеленген. Қазба жұмыстары барысында ескі қаланың аумағына кіретін бас (орталық) және қосымша (шеткі) кіру жолдары табылды.
8. Бекен Жұмабаев (Мағжанның әкесі) жерленген жер. Бекен Жұмабаев – ұлы ақын Мағжанның әкесі. Жұмабайдың Қойлықтан туған үшінші ұлы – Бекен (шын аты Бекмағамбет). Бекен Қызылжар қаласында тұратын Керей Әшірбек деген саудагердің Гүлсім деген қызына үйленеді. Бекен орта дәулетті, әділ, адамгершілік ісімен ел арасында беделді кісі болған. Бекеннен жеті ұл, екі қыз тараған. Ол балаларының бәріне хат танытқан, оқытқан. 1930 жылғы кәмпеске Бекен ауылына қаралы жыл болды. Бекен ұрпақтары жан-жаққа тарап кетті. Ауыл орнына өкімет «Келімбет» колхозын ұйымдастырды. Бекеннің мал-мүлкі түгелдей тәркілеуге ілікті, үй ішінің жиһаздары мен Мағжанның үйіндегі кітпаханасы түгелдей тонауға ұшырады. Сөйтіп, Мағжанның әкесі Бекен де, анасы Гүлсім де барар жер, басар тауы жоқ, балаларынан айрылып, ол кезде үйде болған Сәлтай мен оның әйелі Бибізайыптың қолында қалды. 1931 жылы, нағыз ашаршылық жылы жолшыбай көп бейнет көріп, Қызылжарға әрең жетеді. Келіні Бибізайып естелігінде: «Өзбекстанда тұрып жатыр едік атам ауыра берді. Бір күні аяқ астынан: «Мені елге жеткізіңдер, елге жетейін», деп Бекен атам ағайындармен пойызға мініп Қызылжарға кетті. Қызылжарда атамның үлкен ұлы Әбәмүслімнің үлкен баласы Махмуттың үйіне пойызда бірге келген серіктері алып кетті. Сонда баласы танымай: «Бұл кім?» депті. «Өй, әкеңді танымадың ба?» дегенде барып жыламсырап, атасын көтеріп алып үйге кіргізіпті. Сол үйде үш күн ауырып дүниеден өтеді, жарықтық. «Атамды Қызылжардың демалыс саябағының арғы басындағы мұсылмандар зиратына жерледі» деп жазды.
9. Мағжан Жұмабаевтың атымен байланысты объектілер. Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (25.06.1893, Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы – 19.03.1938, Алматы қаласында) – ақын, алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Мағжан Жұмабаев атымен байланысты объектілер кешені Мағжан Жұмабаев ауданы мен Петропавл қаласында орналасқан. Петропавл қаласы әкімінің 1992 жылғы 12 мамырдағы №236 қаулысымен Коммунистік және 2-ші Коммунистік көшелерінің атауы Мағжан Жұмабаев көшесі болып өзгертілді. Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық музейі ақынның – 100 жылдық мерейтойына арналып, 1993 жылы ашылған. Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның шығармашылық өміріне арналған. Құжаттардың көшірмесі Алматы, Петропавл, Омбы қалаларында және кейбір аудандарда сақталған. Мағжан Жұмабайұлы және Интернационал көшелерiнiң қиылысында орналасқан алаңда Мағжан Жұмабайұлының ескерткiшi 1993 жылы ақынның 10 жылдығына орай сонымен қатар, 2012 жылдың 30 тамызында вокзал алаңында Мағжанның ескерткiшi орнатылған. 2000 жылы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев аудан орталығында Мағжан Жұмабаев бюсті ашылды. 2018 жылы ақын М. Жұмабаевтың 125 жылдығына орай М. Жұмабаев көшесіне жаңа ескерткіш орнатылды.
10. Сәбит Мұқанов атымен байланысты объектілер. Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі. Петропавл қалалық жұмысшылар депутаттарының атқарушы комитетінің 1973 жылғы 23 мамырдағы №279 шешімімен Карагандинская көшесі С. Мұқанов көшесіне ауыстырылды. С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бар. 1973 жылы Петропавл қаласында кітапханаға жаңа ғимарат салынды. 1973 жылдың 23 мамырында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен кітапханаға Сәбит Мұқанов есімі берілді. Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей үйі – СҚО Жамбыл ауданы Сәбит ауылы. С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысының қазақ музыкалық-драма театры 2000 жылы ҚР Президентінің қатысуымен ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев қатысты.
11. Ғабит Мүсірепов атымен байланысты объектілер. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22.03.1902, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Ғабит Мүсірепов атындағы ауылда туып, 31.12.1985, Алматы қаласында қайтыс болды) – Қазақстанның халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ғабит Мүсірепов музейі 1992 жылы 8 тамызда Жамбыл ауданының Жаңажол ауылында ашылды. Қызылорда делегациясы жазушының күріш дәнінен жасалған суретін сыйлады. Алматы мемлекеттік мұражайы филиалынан жазушының таңдамалы шығармалары, костюмі, аяқ киімі, қазақы бөркі әкелінді. Мұражайдың ауданы 232 шаршы метр. Петропавл маслихатының 1997 жылғы 5 шілдедегі №1 шешімімен Петропавл қаласының Индустриальная көшесі Ғабит Мүсірепов көшесіне ауыстырылды. Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы Петропавл қаласында 1963 жылы ақпан айында ашылды. Солтүстiк Қазақстан облысының облыстық мемлекеттiк мұрағатының деректi материалдарында қаланың ойқала бөлiгiндегi мостопоезд ғимаратында алаңы 70 ш.м. облыстық балалар кiтапханасын ашу туралы мәлiмдеме бар. 2002 жылы кiтапханаға 100 жылдық мерейтойына орай көрнектi жазушы, социалистiк Еңбек Ерi, академик Ғ. Мүсiреповтiң есiмi берiлдi.
2002 жылы Петропавл қаласында жазушының 100 жылдығына орай Ғабит Мүсірепов көшесіндегі саябақта бюсті ашылды.
12. Иван Шуховтың атымен байланысты объектілер. Шухов Иван Петрович (06.08.1906, Жамбыл ауданы Преснов селосында туып – 30.04.1977, Алматы қаласында өмірден өтті), жазушы. 1976 жылы Петропавлда Орталық қалалық кітапхана ұйымдастырылды. Оған екі жылдан кейін танымал қазақстандық жазушы Иван Петрович Шуховтың есімі берілді. Ол бірден қалалық кітапхана жүйесінің орталығына айналып, 16 филиалды біріктірді. 1977 жылғы 24 мамырдағы Петропавл қалалық жұмыс халық депутаттарының Мәскеу қалалық комитетінің №234 (№ 10 хаттама) шешімімен Новаторный 2-шi көшесі И.П. Шухов атындағы көшеге ауыстырылды. И.П. Шуховтың мемориалды мұражай-үйі, 1981 жылдың 21 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Преснов селосында орналасқан. 1986 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мұражай жазушының өзі тұрған үйінде орналасқан. Мұражайдың ауданы 258 шаршы метр. Құжаттар, кітаптар және жазушының қолжазбаларынан басқа қорда фото және киноматериалдар сақталған. Экспонаттар саны 2551.
МӘЛІКОВА Сауле Зейноллақызы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты