Сіңлім — қолғанатым
Менің атым – Назгүл, оның аты – Назерке. Биыл 1-сыныпқа барды. Сабағынан алғыр. Апайы үнемі мақтап отырады. Сіңлімнің бір жақсы жері – тілалғыш. Ол үйде болса, қолым ұзарып қалады. Айтқанымды екі етпейді. Бір жаман жері – газет-журнал көрсе, жабыса кететіні. Екеуміз «Мөлдір бұлаққа» таласып қаламыз.
— Екеуіңе бір-бірден жаздырып берсем бе екен? – дейді ондайда әкем.
«Жақсы болар еді!» деймін ішімнен.
Назгүл ЖҰМАҒҰЛ.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Асы-саға ауылы.