Сиқырлы алма ағашы

Мен бірінші сыныпта оқимын. Атам екеуміз алма ағашын отырғыздық. Атам осы ағашты күнде күтіп, суын құйып тұр деп табыстады. Мен мақұл деп уәде бердім. Алайда ойынға қызығып, атама көмектесуді кейде ұмытып қалып жүрдім. Сөйтіп жүргенде атам ауырып, ауруханаға түсіп қалды. Алма ағашымды көруге барсам, ол маған өкпелеп тұр.
-Сен менің топы-рағымды қопсытпадың, су құймадың, — дейді.
— Ағаштар сөйлей алмайды ғой, — деп таңқалдым.
— Мен сиқырлы алма ағашымын,
сөйлей аламын, — деп тіл қатты ол.
— Сиқырлы алма ағашы, сиқырлы алма ағашы! — деп қатты қуанып кеттім.
— Сен сиқырлы алма ағашы болсаң, менің атам жылдам жазылсыншы, ауруханадан шықсыншы, — деп өтіндім.
— Адамдар сендер, осындайсыңдар, өздеріңе керек кезде ғана бізді қажет етесіңдер, — деді алма ағашы.
Мен оған қатты жалынып, өтіндім. Алайда алма ағашы мені ұмытып кеттің, саған көмектесе алмаймын деді. Мен тіпті ағыл-тегіл жыладым.
— Алма ағашы, мен сені енді қараймын. Су құямын, түбінді қопсытамын, арам шөптерді жұламын,-деп жыладым. Сөйтіп жатып оянып кеттім. Бұл менің түсім екен. Алайда кеудемде қорқыныш бар. Тұра салдым да, бірден жүгіріп алма ағашыма бардым.
— Кешір мені алма ағашы, енді сені күтіп баптаймын, уәде беремін. Сол күннен бастап күнде алма ағашымды күтіп қарадым.
Алма ағашы мені түсінгендей, желмен ырғалып басын изеді. Көп ұзамай атам ауруханадан жазылып шығып, үйге оралды.

Доқтырбай Бірғаным Жуасханқызы,
Жамбыл облысы,
Тұрар Рысқұлов ауданы,
Әбжапар ауылы,
№4 орта мектебі
1 сынып оқушысы.
Жетекшісі: Конкашова Фарида Болатовна

ПІКІР ЖАЗУ