Шын өтірік айтамын

26bet_f25ХХI ғасырдың 2044 жылы еді. Жайлау. Қой бағып жүрсем, ғарыштан бір қара ат жаныма қонды. Ол мені табақшаға салып, 3044 жылға дейін алып кетті. Біз Самсы ғаламшарына қондық. Сөйтсем, ол жерде үлкен той болып жатыр екен. Анау-мынау емес, піл мен құмырсқаның тойы екен. Мені қадірлеп төрге отырғызды. Тойда небір адамдарды көрдім. Голливуд жұлдыздарының бəрі жүр. Той иелерін арнайы құттықтап, үнді халқының əртісі Шаһрух Кһан тойға сыйлық ретінде Оңтүстік Американы сыйлапты. Ал, футболшы Дэвид Бекхам шағын 70 тонналық допты сыйға тартты. Мен де құр қалмайын деп, асығыс Каспий теңізін тесік дорбаға құя салып, сыйға ұсындым. Ерсін ЕРЖАНҰЛЫ Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ